BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Арықтағысы келетіндерге таптырмас 10 кеңес

Біз ұсынған мына кеңестерді ұстанып жүріңіз.

  • Майлы, тәтті, ұннан жасалған тамақты өзіңіздің ас мәзірінен алып тастаңыз;
  • Егер Сіз бала кезіңізден ыдысыңызда түк қалдырмай жеуге үйренсеңіз, енді барлық тамақты тауысып ішпеуге тырысыңыз. Ал, нақтырақ айтқанда бұрынғы норманың тек жартысын жеп, тоюға дағдыланыңыз;
  • Көп қозғалып, гимнастика, дене шынықтырумен айналысыңыз, қыстың аязын сылтау ете бермей, жылырақ киініп, жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз;
  • Тамақ үстінде алаңдамаңыз. Мәселен, әлеуметтік желіге тамақ ішіп отырған кезде кірмеуге тырысыңыз;
  • Алдыңызға қойылған тамақтың дәмі мен иісін сезінуге тырысыңыз;
  • Тамақты әбден шайнап жұтыңыз. (Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, аузыңызға салған тамақты 33 рет шайнау керек екен). Жұтқан сайын азғана үзіліс жасап, сонан соң ғана қасық-шанышқыңызды қайта ұстаңыз;
  • Жалғыз тамақтанбауға тырысыңыз;
  • Тамақты ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын ішкеніңіз жөн;
  • Тамақ ішу уақытын созуға тырысыңыз. Себебі, Сіздің асқазаныңызға ас барғаны туралы сигнал миға 20 минутта ғана жетеді. Ал осы уақыт аралығында қаншама артық мөлшерде тамақ ішіп қоюға болатынын білесіз бе?
  • Қазақта «Таңғы асты тастама» деген даналы сөз бар. Бұл туралы ғалымдар да қазір толассыз жазуда. Ұйқыңыздан ертерек оянып, таңғы ас ішуді әдетке айналдырыңыз.

mazhab.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер