BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақшаның адамды ауруға шалдықтыратынын білесіз бе?

Көк қағаздағы бактериялар асқазан жарасы, пневмония, ішек ауруларын туындатады. Сондай-ақ теріні тітіркендіріп, аллергияға шалдықтырады.

Нью-Йорк қаласы университетінің биолог ғалымдары бір долларлық купюрадағы химиялық бактерияларды зерттеген. Бір банкноттан 3 000 бактерия табылған. Олардың ішінде қауіпті ауруларға шалдықтыратын бактериялар да бар. Ғалымдар банкноттың ластану деңгейін оның құнымен де байланыстырады. Құны (номиналы) төмен купюралар қолдан-қолға көп өтетіндіктен бактериясы да көп. Ал ірі сомалар қолдан-қолға сирек жүретіндіктен әлдеқайда «таза».

Ал дәрігерлер әркез ақша санаған сайын қолды жуып, қаражатты әмиянда сақтауға кеңес береді. Себебі қалтада бактериялар жақсы көбейеді.

reactor.inform.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер