BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

30 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыздар бүгінге не болжапты?

Тоқты

Сіз бүгінгі күнді тек қарбалас жұмыстармен өткізесіз. Жоспарлаған жұмысыңыз сәтімен орындалып, үлкен табысқа қол жеткізуіңіз ықтимал. Барынша сабырлы болсаңыз, айналаңыздағыларға да сыйлы болатыныңызды ұмытпаңыз.

Торпақ

Бүгін сізді маңызды кездесулер, романтикалық кештер күтуде. Оқуыңызбен/жұмысыңызбен қатар көңіл көтеруге де уақыт табыңыз. Шешімін таппаған шаруаңыз осы күні оң нәтижесін бермек.

Егіздер

Сіздің көмегіңізге зәру адамдарға жақсылық жасаудан аянып қалмаңыз. Қолыңыздан келгенше бар мейіріміңізді төккеніңіз дұрыс. Күні бойы әр нәрсеге ашуланып, жүйкеңізді құртпағаныңыз жөн.

Шаян

Ойламаған жерден керемет ұсыныстар түсіп, мол табысқа кенелуіңіз ықтимал. Уақытылы денсаулығыңызға көңіл бөлуді естен шығармаңыз. Кеште ғажап кездесу күтіп тұр.

Арыстан

Үлкен өзгерістерге дайын болыңыз.Сіздің ақыл-кеңесіңіз біреулер үшін аса зәру болуы мүмкін. Күрделі мәселелерді шешуге келгенде барынша сабырлылық танытыңыз.

Бикеш

Бүгінгі күн сіз үшін қуанышты жаңалықтарға толы. Алға жоспарлаған істеріңіз рет-ретімен орындалатындықтан, қатты қобалжудың керегі жоқ.

Таразы

Күтпеген өзгерістерді сабырмен қарсы алыңыз. Ұмытшақтық пен алаңғасарлыққа салынбаңыз. Достарыңызға көмек қолын созудан тартынбаңыз. Жеке өміріңізде өте қуанышты сəттер болуы мүмкін.

Сарышаян

Өміріңізде кездейсоқ пайда болған жағдайларда мейлінше ақылға жүгініп, өздігіңізше шешім шығарыңыз. Ешкімнің пікіріне құлақ асудың қажеті жоқ.

Таразы

Күтпеген өзгерістерді сабырмен қарсы алыңыз. Ұмытшақтық пен алаңғасарлыққа салынбаңыз. Достарыңызға көмек қолын созудан тартынбаңыз. Жеке өміріңізде өте қуанышты сəттер болуы мүмкін.

Мерген

Қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін қолдан келгеннен аянып қалмаңыз. Өміріңізде түрлі жағдайлардың орын алуы ықтимал. Барынша сақ болыңыз. Ашуыңызды ақылға жеңдіруді әрқаша естен шығармаңыз.

Тауешкі

Күннің басында өзге адамдармен танысу сіз үшін пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан мұндай мүмкіндіктерден бас тартпағаныңыз жөн. Жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас орнатыңыз. Қиындыққа еш мойымай, тек алға қадам басыңыз.

Суқұйғыш

Өзіңізге ұнайтын затты сатып алу үшін көбірек шығын шығарасыз. Жаңаша бастама ұсынғандар болса, одан бас тартпаңыз. Қандай қиындық болса да тығырықтан шығар жол табыңыз, шыдамдылық пен сабырлық арқасында көптеген жетістіктерге жетесіз.

Балықтар

Егер жақсы дайындалсаңыз, қолға алған әрбір ісіңіз сәтімен болады. Сақтық пен ұстамдылықты ұмыт қалдырмаңыз. Шектен тыс құштарлыққа бой алдырудан аулақ болыңыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер