BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

30 қыркүйекке жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті жұлдыз-жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар.

Тоқты

Бүгін сізге кейбір ақылдылардан қашуға тура келеді, олар өздерінше өмірдің бəрін көріп тастаған адамдар. Сіз олар секілді ақылгөйсініп өмір сүруді үйренбеңіз.

Торпақ

Бүгін кейбір келеңсіз жағдайлар болады, бірақ олардан өздеріңіздің сүйкімділігіңізбен құтылып кетесіз.

Егіздер

Сізде сенім жағынан үлкен проблема бар екен. Сізге сенбей ме? Сіз оларға өзіңіздің мықты екеніңізді дəлелдеңіз.

Шаян

Бүгін өзіңіздің сүйген адамыңызға бар ынта-көңіліңізді бөліңіз. Жақсы романтика ойлап табыңыз.

Арыстан

Қант пен тұзды, сыр айтатын адам мен мүлде сенуге болмайтын адамды шатастырып алмаңыз. Бір адамға сыр айтам деп, сол адамнан таяқ жеп жүрмеңіз.

Бикеш

Бүгін өте тəтті, тойымды күн. Бұл тағам жайлы айтылған нəрсе емес, бұл бүгінгі күннің жаңалықтарына берген сипаттама. Жақсы жаңалықтарды көп естисіз.

Таразы

Асығамын деп елге күлкі болудан сақтаныңыз. Сəл шыдамды болыңыз, жұлдызды сəтіңіздің жануына азғантай уақыт қалды.

Сарышаян

Қиялдарыңыздың іске асатын күні десек те болады. Қиял болғанда, ақылға сиярлық қиялды айтып отырмыз))) кешке бір тосын сый болады.

Мерген

Мергендер əрқашан өздерінің мықты екенін дəлелдеумен келетін жандар. Сіздердің алға қойған үлкен мақсаттарыңыз стратегиялық іс-қимылыңыздың арқасында кішкентай бөліктермен орындалып келеді.

Тауешкі

Ештеңені бастап көрмей, қорытындысы қалай болатынын ешкім білмейді. Қорқыныш сезімін ысырып қойып, алда тұрған жұмысқа белсене кірісіңіз. Босқа еңбектенбегеңізді білесіз.

Суқұйғыш

Бəрінде ақша таусылады, бірақ неге сізде таусылмайды??? Үйден мұнай өндіресіздер ме?))) Бүгін олжаға кеңелесіз

Балықтар

Бүгін мұңыңызды тыңдайтын адам таппай қаласыз. Кейде қасыңызда сізді түсінбейтін адам жүргеннен, жалғыз өзіңіз болған артық секілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер