BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

29 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті жұлдыз жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар. Назарларыңызға 29 қыркүйекке арналған астрологтардың болжамын ұсынамыз.

Тоқты

Айтқан сөзіңізге аса көп мəн беріңіз. Өзіңізді қорқытып, немесе айқаймен сыйлатудың қажеті жоқ. Өзіңізді үлгі боларлық іс -əрекетпен сыйлата біліңіз!

Торпақ

Сіз билеушісіз, əзірге тек шағын ортаны билей аласыз. Аздаған уақыттан соң жоғары өсесіз, яғни сізді бағалаушылар саны артады

Егіздер

Сіз өміріңізге өзгеріс енгізуге неге асықпайсыз?! Бір сарынды өмірден жалығып кетпедіңіз бе? Қорықпай жаңа өзгеріс енгізе беріңіз, бəрі сіз ойлағандай болады

Шаян

Бүгін қасыңыздағы ақылсыз адамдардың келеңсіз мінездеріне сəл сабырлық танытыңыз. Бұның соңы жай айқаймен емес, жұдырық та араласуымен бітуі мүмкін

Арыстан

Бүгін еріншектік пен жалқаулыққа берілмеңіз. Оларды аянбай жеңіп, күніңізді керемет өткізуге тырысыңыз. Тек бос жатыспен өткізген күніңіз ешқандай пайда əкелмейді

Бикеш

Бүгінгі күніңіз алдағы уақыттарда жүзіңізге күлкі бейнесімен еске алып отыратын күн болмақ

Таразы

Өмір сондай қауіпті əрі қиын деп үйде босқа жатуға болмайды. Кəне, жылы төсектен тұрып, жоспарларды орындауға кірісейік

Сарышаян

Бүгін бір адамның жүрегіңе махаббат сезімін ұялатасыз. Ол адам өте керемет жан,болашақта сіздің жанашырыңыз болмақ

Мерген

Қолыңыздан келмейді дейді ме?! Ал сіз жігерленіп , олардың қателескенін дəлелдеңіз. Мергендер əр қиындықты жеңуге дайын, тек алға

Тауешкі

Көңіліңіз қаламаған істі біреудің көңілі үшін жасамаңыз, артынан өкініп қалмайтыңызға кім кепіл? Əр адам бір істі жасарда бар ынтамен, сүйіспеншілікпен жасаса оның арты жақсы болмақ

Суқұйғыш

Осы айда тағдыр сізге тек қуаныш сыйлағысы келген секілді. Өмір ғажапқа толы, бүгін соған тағы да көзіңіз жетеді

Балықтар

Осы күндер ішінде сізді ренжітіп жүрген адамыңыз, бүгін кешірім сұрайды. Достықтарыңыз қайта қалпына келеді. Реніштен достасуға тек бір қадам керек кой, ол кешірім сұрап жəне кешіре білу


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер