BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

27 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін жұлдыздар не болжапты?

Тоқты

Бүгінгі күн тосын сыйларға толы. Сіз көптен көрмеген достарыңызбен ойда жоқта кездесіп қалуыңыз мүмкін. Көптен сағындырған ескі таныстарыңыз көңіліңізді «жаз» етері сөзсіз. Сізді таңғалдыратын қызықтар күтіп тұр.

Торпақ

Бүгін ішкі «әлеміңізді» байытуға қолайлы болмақ. Қарым-қатынас шеңбері кеңейіп, айналаңыздағылар сіздің іскерлігіңізге тәнті болады. «Оқу-білім кітапта» деген, көбірек оқып, біліміңізді тереңдетудің жолдарын да қарастырыңыз.

Егіздер

Бүгін бар мүмкіндіктеріңізді пайдалана алсаңыз, ойлаған армандарыңыз іске аса бастайды. Қол ұшын бергісі келген жанашырлардан бас тартпаңыз. Мазалаған ойлардан арылып, өмірдің кейбір қиын сәттерін ұмытуға тырысыңыз. Кешке жаныңыз қалаған ортада болып, алаңсыз дем алыңыз.

Шаян

Бүгін батыл қадамдарға барудың қажеті жоқ. Бәрібір бағаланбайды. Одан гөрі жиналып қалған ұсақ-түйек проблемаларды шешуге тырысыңыз. Бүгін көптеген кездесулер, тынымсыз қоңыраулардан қолыңыз босамайды.

Арыстан

Досыңызбен тым жақындасып кеткендейсіз, мүмкіндігіңізше араны алыс ұстағаныңыз дұрыс. Әйтпесе артық әңгіме араздыққа әкелуі ғажап емес. Бүгін күтпеген қонақ келуі мүмкін. Əр кез жақындарыңыздың кеңесін тыңдап, көмегіне жүгінсеңіз артық емес.

Бикеш

Бүгін абыройыңызды асқақтатып, беделіңіз бекіте түскеніңіз дұрыс. Осы уақытқа дейін бітпей жүрген жұмыстарыңыз шешімін табуы ықтимал. Бүгін өз ойыңызды ешкімге айтпауға тырысыңыз, әйтпесе өзіңізге сенімді адамдарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.

Таразы

Тым әсірешілдік немесе кешігу сияқты жағдайлар келеңсіздікке ұшыратуы мүмкін. Бір айта кетерлігі бұл олқылыққа өзіңіз себепкер екеніңізді естен шығармаңыз. Әрине, бойдағы талант, шешен сөйлеуге шеберлік – адам бойындағы жақсы қасиет. Бірақ басшылық алдында «тілі мен жағына сүйену» жақсылық әкеле бермейді.

Сарышаян

Бүгінгі күн ішкі ойларыңызды жүзеге асыруға қолайлы кезең. Бірақ «ақырын жүріп анық бас» дегенді естен шығармаңыз. Ойға алған істің артын бағып, орындалғанша жасырын ұстасаңыз да болады. Ал өмірлік маңызы бар мәселені шешуде басқа біреуге сенім артудың қажет жоқ. Кешке бәрін тастап, жақсылап демалыңыз.

Мерген

Бүгін қобалжу мен уайымға толы болатын сыңайлы. Бірақ бұл ішкі «дүрбелеңіңізді» көпшілікке жая берудің қажеті жоқ. Сыртқа сыр шашпағаныңыз дұрыс. Ал кешке эстетикалық жұмыстармен айналысуға қолайды. Бұл көңіл-күйіңізді көтерумен қатар, алдағы күндерге үлкен мүмкіндіктер ашпақ.

Тауешкі

Бүгін сіз неғұрлым кішіпейіл әрі сабырлы болсаңыз соғұрлым жеңісіңіз көп болмақ. Жеке өміріңізге қатысты жағымды жаңалық, жақсы көрсеткіштердің басы осы күннен басталады. Дей тұрғанмен, бүгін сүйікті ісіңізбен айналыссаңыз да қолайлы. Достарыңыздың ақыл-кеңесін тындауға да уақыт тапқаныңыз абзал.

Суқұйғыш

Бүгін атқаруға тиісті шаруаларыңызды тізбектеп қағазға түсіріп қойыңыз. Керек десеңіз, оны көзге көрінетін жерге іліп, істеген жұмысыңызға орай өзіңізге есеп беріп отырсаңыз да артық етпейді. Бүгінгі күн жағымды естелікпен есте қалмақ. Ал үй шаруасының біраз бөлігін туысқандарыңызбен бөлісуге мүмкіндік мол.

Балықтар

Бүгін көңіл-күйіңіз ерекше болмақ. Тіпті өмірде мүмкін емес нәрселердің өзі мүмкін болатындай сезіледі. Кәдімгі балаң қиялға қанат қағып, таңғажайып сезімде боласыз. Күніңіз сәтті басталғалы тұр. Керек жерге керек уақытында барып, жақында туындаған бір мәселеңіз шешімін тапқалы тұр. Бірақ көңіл-күйдің әсерімен жұмысты уыстан шығарып алмаңыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер