BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

25 қарашаға жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті жұлдыз жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар. Бүгінге жұлдыздар не болжапты?

Тоқты

Достарымен қарым-қатынаста тоқтылар белсенділік танытады. Қызықты хабарлардан құлағдар етіп отыратын адамдармен танысасыз. Той-жиынға шақыру билеттері келеді. Дәл қазір – білім алу мен саяхаттау үшін таптырмас уақыт. Махаббат мәселесінде де жолыңыз болғалы жүр. Сезім мәселесіндегі сұрақтардың жауабын табу үшін сүйіктіңізден жырақта жүруге тура келеді. Білгіңіз келген құпияны ашасыз. Ал жаңа іс бастаған тоқтылардың айы оңынан туып, жолы болады.

Торпақ

Өзіңіздің ұстанымыңыз бен пікіріңізді соңына дейін қорғауға жұлдыздар кеңес береді. Жақындарыңыз ойыңызды құптап, сізге жаңа мүмкіндіктер береді. Мұнымен қатар, достарыңызбен бірге жүріп, көңіл көтеретін қызықты күн күтіп тұр. Үйіңізде жасайтын мерекелік кештерге туысқандарыңызбен бірге достарыңызды да шақыруды ұмытпаңыз. Жалғыз жүрген торпақтар өмірлік жарын жолықтырады. Заң қызметкерлерімен сөзіңіздің жараспай қалу қаупі бар.

Егіздер

Бүгінгі күн бикештерді өмірге жаңа көзқараспен қартып, құндылықтарын ауыстырады. Бұл адамгершілік сынды терең ойлауды талап ететін мәселелерге қатысты болуы мүмкін. Аталған әрекетіңізге соңғы күндері болып жатқан оқиғалар әсер етеді. Жан дүниеңіз толықтай өзгерді десек болады. Сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынас аздап салқындайды. Сүйіктіңізге толықтай сенім артуыңызға болады. Ол – жауапкершілігі мол жан.Мұнымен қатар, сіздің мойныңызға артылар жауапкершіліктің салмағы ауырлай түседі.

Шаян

Олардың қаржы табу тәсілдері өзгереді. Бұл жақындарыңыздың көмегі арқасында көп ақшаға кенеліп жатқаныңызбен байланысты болуы мүмкін. Мұнымен қатар, жинаған ақшаңыздың тең жартысын жұмсауға міндетті боласыз.Ұзақ мерзімді ауруларға мұқият болыңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Сүйген адамыңызды естен де шығармағаңыз жөн. Ол сізден қолдау күтеді.

Арыстан

Қоршаған ортаға деген көзқарасыңызды өзгертуіңіз керек. Мәселе досыңыз бен сүйіктіңізге қатысты айтылып жатыр. Сүйіктіңіздің қарсылығына түсіністікпен қараңыз. Өзіңізді оның орнына қойып көріңіз. Осы әрекетіңізден кейін ғана қарым-қатынастарыңыз жақсара түседі. Кей арыстан романтикалық шытырман оқиғалардың бас кейіпкеріне айналады. Өзіңізге деген сенімділік басты қорғаныңыз болады.

Бикештер

Бұл күні бар қиындық пен қуаныш тек сүйіктілеріне қатысты болады. Отбасылы бикештер тізгінді жұбайына береді. Себебі, дәл қазір өзіңізге деген күдік басым. Бұған дейін мықты көшбасшы болып келсеңіз де, жағдай өзгереді. Жалғыз жүрген бикештерге көп ұсыныс түседі. Бірнеше үміткердің бірін таңдау мүмкіндігіне ие боласыз. Күн ортасында жеке өміріңізде өзгеріс болып, қиындықтарды жеңіп шығасыз.

Таразы

Денсаулықтарына назар аударуға жұлдыздар кеңес береді. Бір жеріңіз ауырып жүрген болса, бірден дәрігерге қаралыңыз. Әрі спортпен белсенді түрде айналысуды ұмытпаңыз. Уақтылы ұйықтап, салауатты өмір салтын сақтаныңыз. Жұмыс пен демалатын уақыт арасында тепе-теңдік болуы тиіс. Сүйіктіңізбен қарым-қатынаста сезімнен гөрі сөз басым болады. Бұл серігіңізді жақсы тануға мүмкіндік береді. Достарыңызбен, көршілеріңізбен уақытша байланысты үзесіз.

Сарышаян

Сүйіктісі бар сарышаяндар бүгін ыстық сезімге ынтық болады. Қызғаншақтық мінез пайда болады. Отбасын құру туралы ұсыныс түседі. Алайда дәл қазір шаңырақ көтеретін уақыт емес. Бір-біріңізді қызғанып, артынша жанжал туындауы мүмкін. Ал отбасылы сарышаяндардың жағдайы жақсы болады. Мұнымен қатар, отбасы бір мүшесінің өмірінде үлкен өзгеріс болып, өзгелерді қуанышқа бөлейді. Қаржы жағынан қиналасыз. Сол себепті, ақшаны қазірден бастап үнемдей бергеніңіз жөн.

Мерген

Парасаттылық қабілеті оқуда, күнделікті тұрмыста көп көмектеседі. Сіз адамдармен жылдам тіл табысып, оңай қарым-қатынасқа түсетін боласыз. Маңызды шешім қабылдауда жүректің емес ақылдың көмегіне жүгінесіз. Отбасылық өмірде аздаған қиындықтар туындайды. Үй мәселесіне қатысты жанжал тууы мүмкін.

Тауешкі

Бұған дейін қабылдаған шешімдеріңізді қайта қарап, өзгеріс енгізесіз. Дәл қазір өзіңізді жан-жақтылыққа баулып, кемелдендіре түсуіңізге болады. Бейтаныс адамдарға сырыңызды айтудан сақтаныңыз. Оларға жеке өміріңізге қатысты детальдарды жария етпеңіз. Мұнымен қатар, отбасы мүшелері сіздің пікіріңізге толықтай қарсы келетіндіктен, оларға жоспарларыңызды ашып айтпағаныңыз жөн. Сүйген адамыңыз əрдайым сіздің жаныңызда болады.

Суқұйғыш

Бұл жолы шешімді дұрыс қабылдайсыз. Бірақ, қателіктерді түзетуді ұмытпаңыз. Сіз өзіңізге және өзгелерге сын көзбен қарай аласыз. Шешім қабылдауда өзгелермен ақылдасқаныңыз жөн, бірақ соңғы сөзді тек өзіңіз айтуыңыз керек екенін ұмытпаңыз. Жаңа таныстықтардан бас тартыңыз. Сүйіктіңізден жақсы сыйлық алуыңыз мүмкін.

Балық

Бүгін мойнына артылатын жүк ауырлап, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі көбейеді. Ақшаңызды жаратуда түрлі қиындық туындайды. Сол себепті, ақшаға қатысты жоспар құрмағаныңыз жөн. Бойыңызда сенімсіздік басым болса да, шешімді өзіңіз қабылдап, өз бетіңізше жұмыс істеуіңізге тура келеді. Сүйгеніңізбен əр сөзге бола ұрысыуыңызды қойыңыз, қай жағдайдан да үндемей құтылуға болады.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер