BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

24 қаңтарға жұлдыз-жорамал

Бүгінге жұлдыздар не болжаған екен?

Тоқты

Тоқтылар ештеңе істегісі де келмейді, ештеңені қаламайды да. Тек демалып жатқысы келеді. Балмұздақ, пирог, шоколад, біреуден тосын сый, конфет, сыйлық күтеді. Қыс мезгілін жылы жерден шықпай өтіп кеткенін қалайды. Одан басқа ештеңені қаламайды.

Торпақ

Торпақтардың басқа адамдарға бақыт сыйлап, көңіл күйін көтеріп, бірақ өздерінің мұңдарын ешкіммен бөліспейді. Өйткені басқа жандарға айтып, олардың көңіл күйін түсіргісі келмейді. Торпақтар осындай!

Егіздер

Егіздердің бүгінгі көңіл күйі: өткенге ешқашан оралмайды. Әр минут бағалы екенін түсінеді. Бір орында көп тұрақтамайды. Тек қана алға! Артқа қарайламайды. Керек адамдар жанында болса болды, қалған адамдарға «сау бол» дейді.

Шаян

«Кездейсоқ кездесу болмайды» деген бар. Бұл сынақ немесе тағдырдың сыйы. Бірақ сіздер сынақтан өтіп қойғансыздар. Сол үшін бұл үлкен бақыт болуы мүмкін.

Арыстан

Өміріңізде орын алатын елеулі өзгерістер салдарынан алған бағытыңыздан жаңылып қалу қаупі бар. Сол кезде эмоцияға ерік бермей, барынша сабырлы болуға және ақылмен ойлануға тырысыңыз. Жеке басыңызды әртүрлі оқиғалар мен өзгерістер күтіп тұр. Бірақ байбалам салмаңыз, сабыр сақтаңыз. Бұл сіздің алдағы жарқын өміріңізге септігін тигізетіні сөзсіз. Сіз түбегейлі өзгересіз

Бикеш

Сіз сұлусыз.Сізге бәрі қызығады, ғашық болады. Барлық істі орнымен істеңіз... Алда бірнеше қиындықтар кездесуі мүмкін. Бірақ уайымдамаңыз, бәрін ақылмен, достарыңызбен ақылдасып шешуге болады. Қиын күндер де артта қалады.

Таразы

Күніңіз жақсы басталады. Бекерге өткізбеңіз. Ойын-сауық кештерге баруыңыз мүмкін. Осы күніңізді сергек өткізуге тырысыңыз. Аздаған қиындықтар болады. Сізге кейбірі қиын тиуі мүмкін. Бірақ оларды кейін тез ұмытатын боласыз. Бақытты болатын күндер әлі алда. Еш мұңаймаңыз!

Сарышаян

Сарышаяндардың өмірі қызыққа толы. Иә, рас айтамыз, жүрген жерлерінде тек күлкі менен мейірімділік қатар жүреді. Айналасындағы адамдардың бәріне сондай сүйкімді болып көрінеді. Ұнамды қылықтары өте көп. Осы жолыңыздан таймаңыз.

Мерген

Ешкімге соқтықпай, тыныш қана өмір сүргендеріңіз абзал. Сыншы көз аз болған сайын, ісіңіз ілгері басады. Жұмыс орныңызды ешкім кедергі жасамайтындай етіп ұйымдастырыңыз. Бар күш-жігеріңізді жайлылық табуға бағыттаңыз. Бұл күні сізге сауда жасаудың кері әсері тиюі мүмкін.

Тауешкі

Тауешкі белгісіндегілердің сүйікті адамы аяқ астынан өзгеріп шыға келуі мүмкін, әрине, бұл жағдай сіздің ішкі дүниеңізді тас-талқан етері анық. Сүйікті адамыңызбен достарыңыздың бірі қақтығысып қалуы ықтимал. Отбасылы тауешкілер балалары үшін біраз шығындалады

Суқұйғыш

Достың да досы бар екенін есте ұстаңыз. Амал дос пен адал досты ажырата біліңіз. Тек сонда ғана ісіңіздің оңды боларына сенім де мол болмақ. Жаныңызда тіреу болар адамдардың жүргенін білу де бір ғанибет. Көп ешкімге сеніп, бүгін ішіңіздегіні ақтарып салудың қажеті жоқ. Жағдайға қарай көсілгеніңіз жөн.

Балықтар

Қаржылық жағдайыңыз біраз қыспаққа алуы мүмкін. Сондықтан да қалтадағыңызды қанағат тұтып, оңды-солды жұмсауға болмайтынын есте ұстаңыз. Кешті жанұяңызға арнап, жақындарыңыздың,сүйіктілеріңіздің жанында болыңыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер