BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

21 қарашаға жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде, тіпті, жұлдыз жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар. Апта басына не болжады екен жұлдыздар?

Тоқты

Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керектігі айдан анық. Сондықтан да қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді жұмсай біліңіз.

Торпақ

Әр істе барынша абай болыңыз. Әсіресе, қомақты қаржы санағанда немесе қандай да бір маңызды іс жасағанда қателесіп кетпеуге тырысқаныңыз жөн. Өзіңіз сенген адам сізді сатып кетуі мүмкін.

Егіздер

Жақындарыңыздың – туғандарыңыз бен достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз, көмегіне жүгініңіз. Өзіңіздің жалғыз еместігіңізді сезіне де, өзгелерге сездіре де біліңіз. Күн айтарлықтай сәтті, табысты болмақ.

Шаян

Кездесулерді келесі күнге жоспарлағаныңыз дұрыс болар. Өйткені, бұл күні өткеннен аяқсыз қалған істі біржақты ету міндеті тұр. Жаңа істі қолға алмастан бұрын, әлдеқашан басталып қойғандарын тындырып тастағаныңыз жөн.

Арыстан

Қандай істі қолға алмас бұрын тек бір нұсқаға ғана қарап қалмай, әртүрлі жолын қарастырып көріңіз. Және қашан да ең дұрыс жолды таңдауға талпыныңыз.

Бикеш

Достарыңыздың алдында беделіңіз өсіп, тек жақсы қырыңызбен көрінесіз. Жақындарыңыздың жауабын таппай жүрген сұрақтарын дер кезінде шешіп, қол ұшын бересіз.

Таразы

Қандай ақпарат алсаңыз да, оның рас екеніне алдымен дұрыстап көзіңізді жеткізіп алғаныңыз жөн. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген сөзді естен шығармаңыз. Бұл күні бірлесе атқарған жұмыстың сәтті боларын ескеріп, оңашаланудан аулақ болыңыз.

Сарышаян

Сарышаян жұлдызымен туған жандар бүгін бар уақытын тек өзіне арнағандары жөн. Көпшіліктен бір уақыт «демалып», оңаша қалыңыз. Өткен күнге көз жүгіртіп, болашаққа бағдар жасаңыз.

Мерген

Жасаған әр ісіңізге барынша қырағы болыңыз. Кез келген абайсыздық үлкен қателікке жолықтыруы ғажап емес. Міндеттелген тапсырманы уақытылы өткізіңіз, жаман қылығыңызбен көпшіліктің көзіне түсіп қалмауға тырысыңыз.

Тауешкі

Қандай жағдайда қалсаңыз да, жарық дүниеде жалғыз емес екеніңізді ұмытпаңыз. Қиналған сәттерде қол ұшын созар жақындарыңыздың, достарыңыздың барын есте сақтаңыз.

Суқұйғыш

Зұлым адамдардың тұзағынан сақтаныңыз. Ішкі түйсігіңізге құлақ асып, сырткөзге әлсіздігіңізді байқатпаңыз. Достарыңыз бен жақындарыңыз сізге ғана сенім артып отыр. Сондықтан мықты болуыңыз керек.

Балықтар

Күннің екінші жартысы айтарлықтай табысты уақыт болмақ. Әсіресе, бастаған ісіңізді қасыңыздағы жақын адамдарыңыз қолдаса, асығыңыздың алшысынан түсері анық. Кеш өз тосын сыйымен келмек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер