BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

18 қарашаға жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті жұлдыз жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар. Бүгінге жұлдыздар не болжады екен?..

Тоқты

Бүгін тоқтылар үшін маңызды таңдау жасауға өте қолайлы болмақ. Оларға енді осы уақытқа дейін екі ортада сенделіп жүргенін тоқтататын кез келді. Қай жолдың дұрыстығын анықтау өз еркіңізде. Соңғы шешім қабылдамас бұрын, анық-қанығына көз жеткізіп алған абзал. Денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз жөн.

Торпақ

Торпақтарға алға қойған мақсатқа жету үшін бекем жоспар құрғаны абзал. Бұл сіз үшін басты ауыртатын, қиын мәселе болып көрінер. Бірақ, күш-қайратыңызды біріктірсеңіз бәрі тез шешімін таппақ. Жауынгерлік рухыңызды жоғалтып алмаңыз. Барлығына үлгеруге тырысыңыз.

Егіздер

Егіздер үшін бұл күн сәтті болады. Көздеген мақсатқа жету үшін қолайлы кезең. Егер де сіз өз өміріңізді іш пыстырарлық деп есептесеңіз, онда шешім қабылдап, күнді қызықты өткізу өз қолыңызда екенін естен шығармаңыз. Білімін жетілдіремін деген үмітте жүрген егіздер үшін таптырмас сәт. Жеке өміріңізге көп көңіл бөліңіз.

Шаян

Күн жаңалыққа толы болады. Ал күн соңында сіздің беделіңіз өзінің шарықтау шегіне жетеді. Бүгін көптеген шаруаларды оңай шешесіз. Бұл ретте ішкі сезім, тәжірибе, кәсібилік, өзге адамдарды түсіне білу сізге көп көмегін тигізеді. Күннің аяғында қаржы шығындалуы мүмкін.

Арыстан

Бүгін өмірдің барлық жағынан сізді сәттіліктер күтіп тұр. Қызметте/оқуда оң нәтижелерге қол жеткізіп, марапаттауға ие боласыз. Бүгін айналаңыздағыларда адалдық пен белсенділік қызады, соның нәтижесінде сәттіліктерге жол ашылады.

Бикеш

Бүгін ойланып, толғанып, өткен күнді сарапқа салуға ыңғайлы уақыт болмақ. Жаңа тың ойлар да келуі мүмкін. Өз пікіріңізді соңына дейін сақтаңыз. Сонда ғана арманыңыздың орындалу бақытына ие боласыз.

Таразы

Сізді ауыр әрі қызық күн күтіп тұр. Бүгін қаржы жағынан қиналып, көңіліңіз жабырқауы мүмкін. Жақын досыңыз ақшадан тарығып, көмек сурауы да ықтимал. Жұмыс басыңыздан асып, сабыр сақтау екі талай болуы мүмкін. Қадамдарыңызды ойланып басып, қате жіберуден сақ болғаныңыз дұрыс.

Сарышаян

Бүгінгі күн ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін анықтап, дұрыс шешім қабылдауға қолайлы. Айтқан ақылды сараптап, керегін алғаныңыз абзал. Кешке қызғанышқа бой алдырып, сүйіктіңізбен сөзге келіп, жақындарыңызбен ренжісуіңіз мүмкін. Сабыр түбі сары алтын!

Мерген

Басқара білу қабілетінің арқасында махаббатта жолы болады. Жалғыз жүрген мергендер үнемі серігін іздеуде асқан белсенділік танытады.Әртүрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысады. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар табады.

Тауешкі

Ісіңіздің алға басуы сіздің сабырлығыңызға байланысты. Тым ұшқалақтық сізді көп жолдан айырады .Сабырлы болсаңыз сізде бәрі де болмақ. Ақша да , байлық та, көлік те, үй де. Күннің соңында сүйгеніңізден хабар күтіңіз. Ол сізді қуантады. Жақсы жаңалығы бар. Сізден асқан бақытты жан болмайды.

Суқұйғыш

Сізді өзгерту мүмкін емес. Ешкіммен және ешқашан. Махаббат пен сәттілік сізбен бірге. Қазіргі уақытта сіз көптеген жетістіктерге, биік белестерге жеттіңіз. Ол сіздің адалдығыңыздың арқасы. Осы бетіңізден таймаңыз. Өте керемет. Сіз бұл әлемдегі ең бақытты адамдардың бірісіз. Сіздей жандар қазір бұл өмірде саусақпен санарлық шығар.

Балықтар

Өз махаббатын жолықтырған балықтар қарым-қатынаста тұрақты болмақ. Сезіміңіз суып бара жатқандай ойда болуыңыз мүмкін, бірақ бұл қате пікір. Оны түзеу өз қолыңызда, бірге киноға бару мен романтикалық кездесулер бәрін өз орнына қоймақ.

vk.com


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер