BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

17 қарашаға жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде, тіпті, жұлдыз жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар.

Тоқты

Өз жұлдызыңызды қолыңыздан шығармай ұстаңыз! Қазір көп адамдар сізді қалай сынауға болады деп ойланып жүр. Бірақ сіз ештеңеден қорықпайсыз. Өте батыл жансыз. Әркезде алғашқы қадам жасауға әрдайым дайын тұрасыз. Ешқашан көңіліңіз түспесін. Армандаған мақсатыңызға жетуге аз ғана уақыттар қалды. Болашақта сіз ең ірі кәсіпкерлердің қатарынан табылуыңыз да ғажап емес. Болашағыңыз өзіңіздің қолыңызда!

Торпақ

Cіз үздік екеніңізді біліп, оны пайдалана бермеңіз! Бір күні ессіз сүйіп қаласыз, сол кезде көрерміз! Сіздей адал жан жоқ шығар! Осы санаулы ғұмырда жүрегі мейірімге толы Торпақтарды бағалай білейікші. Ешқашан ренжіспей, тек сыйласып, жақсы көрейік. Сізді қазір көбі жақсы көремін деп айтпасада, ұнататыны анық... Көңіліңіз еш түспесін. Себебі сіздің көңіл күйіңіз жоқ болса, басқалардың да көңіл күйлері түсіп кетуі мүмкін. Кейбір адамдар, тіпті, өкінеді.

Егіздер

Қазіргі уақытта сізді көп адам, сырттай білдіртпегенімен, іштей ғашық... Кей кезде сіздің шынайы махаббатыңызды бағаламаған жандар күн сайын сіздің суретіңізге қарап, бірге өткізген керемет сәттерді есіне алып, еріксіз көзіне жас алуда. Басқа адамдарға айтарым, барынша Егіздерді бағалап, қасынан табыла біліңіздер. Егіздер әлемде ең мейірімді әрі ақкөңіл жандардың бірі болып табылады!

Шаян

Сіз оны өліп сүйесіз! Иә, иә, білеміз! Қаншама жамандық жасаса да, одан бас тарта алмайсыз! Өйткені ол сіздің тағдырыңыз! Сүйіктіңізді жоғалтып алмаңыз! Қазіргі жұптар сіздерге қарап қызығады... Себебі өте тату тәтті жұпсыздар. Болашақта ең керемет отбасы болатындарыңызға сенемін. Сіздерді ешқандай ұрыс, керіс айыра алмайды. Шаяндардың бақытын тартып аламын дейтіндерге айтарымыз, құр босқа уақыттарыңызды жоғалтпай өз жұмыстарыңызды жасай беріңіздер.

Арыстан

Арыстандар Феррари көлік сияқты. Сондай әдемі және қымбат. Қараусыз қойып кетсеңіздер, тап қәзір біреу ұрлап кетеді! Арыстандарды қорғаңыздар! Оларды ешқашан жалғыз тастамаңыздар. Бақытты қылыңыздар. Ешкімге зияны жоқ, зиянынан пайдасы көп жанды қалайша қуантып, сыйламасқа. Өте керемет әрі ақылды. Сыйласа білейік, қуанта білейік. Әлемнің 8-ші кереметі ол – Арыстандар!

Бикеш

Сіздің жетістіктеріңіз оңайшылықпен келген емес. Бірақ мұны тек сіз білесіз, басқалар сізді дайынға келген деп ойлауда. Соңыңыздан өсек тасып жүрген адамдар көп, оларға мән бермеңіз, сонда олардың жынын келтіресіз. Қайда... әлі талай жетістіктерге жетесіз. Сол кезде көп адамдардың іші кәдімгідей күйетін болады. Себебі олар сізге сенбеді. Бикештер қасынан табыла білген адамды өмір бойы ұмытпайды.

Таразы

Бүгін адамдарға қамқор болуыңыз керек! Бүгін көп адам жыныңызға тиеді, олармен ұрыспай, сабыр сақтап, үндемей өтіп кетіңіз. Ертең сол адамдар сізге керек болып қалады. Сол кезде керегін олардан аласыз, ал олар сізге үндемей көмегін береді. Таразылар, сіздер – мақсаттарыңызға жетпей берілмейтін жансыздар. Біреу досыңызды ренжітте ме, қалай болғанда да ренжіткен адамды тізерлетіп кешірім сұратасыз. Өте батыл жансыз. Не болсада, достарыңызды еш тастамаңыз. Сіздің қасыңыздағы жандар – нағыз достар!!!

Сарышаян

Бүгін Сарышаяндар алдына ең маңызды мақсатты қойды. Сол мақсатқа жетпей еш берілмеңіз. Махаббатты уақытша ұмыта тұрып, біліміңізді әрі қарай дамытуға тырысыңыз. Жұмысыңызда да шаршап жүрсіз. Біраз тынығып, өз-өзіңізге келіп, қайта аяғыңызға тік тұрып, өте батыл, әрі мықты екеніңізді көрсетіңіз. Сізді қазір көп адамдар жақын біле бермейді. Сіздің бойыңыздағы керемет қасиеттерді білсе, барлығы сізбен дос болатын еді... Әттең, сіз де көп ашыла бермейсіз. Бірақ ол да дұрыс, сырыңызды кейде ішіңізде сақтайсыз, кейде біреулермен бөлісесіз... Соңғы уақыттары сәттілік сізбен бірге..

Мерген

Өткен күндердің көленкелері қайтадан оралуда. Басқа жанға бола сізді тастап кеткен адам қайтып оралады, оны қабылдамаңыз. Арам ойы бар. Нақты өзі келмесе де, қайтып оралғысы келген ойы бар. Ол адамнан аулақ болыңыз, өміріңізге үлкен өкініш алып келейін деп тұр! 1 алдап кеткен адамға 2-ші рет сену, әрине, өте қиын екенін білемін. Өзіңіз оны жиі бақылаңыз, бір ағаттық жасады ма, кешірмеңіз. Қазір бір адамдар сырттай сымбатыңызға тәнті болып жүр. Сізбен махаббат оқиғасына батқысы келеді... Өте керемет күндер әлі алда... Еш мұңаймаңыз!!!

Тауешкі

Сүйгеніңізбен біргесіз. Оны бақытты ету сіздің қолыңызда. Ол да сізге өлердей ғашық. Махаббатта жолы болған жандар деп сіздерге тамсана қарайтындар көп болады. Кешті сүйген адамыңыздың қасында өткізесіз. Осы бақытты күніңізге де шүкіршілік етесіз.

Суқұйғыш

Күніңіз тамаша күтпеген жаңалықтардан басталады. Ісіңіз де алға жүреді. Махаббатта да жолыңыз болады. Еш нәрседен қаймықпаңыз, тек АЛҒА.... Алға қойған мақсаттарыңыз да орындалып, жүзіңіз бақыт пен қуанышқа толады. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Әркез күліп жүріңіз. Күліп жүрген сайын сізге бәрі қарап, «қашан көрсең де жүзінен бақыт кетпейтін қандай керемет жан» деп қызығатын болады. Әрине, сіз айтпаса да бақытты жан емессіз бе. Солай ма?!

Балықтар

Балықтарға нысананы дөп тигізген ұнайды. Әрқашан шындықты бетке айтып, тік , тура жүргенді ұнатады. Сүйгендеріңізге қаталырақ емес, жұмсақтау болғаныңыз жөн. Олар сізден қолдау күтіп жүр. Ашылып айтуға сіздің тік мінезіңізден бата алмайды. Балықтардың осы шындықты бетке айтатын мінезі барлығына ұнайды. Шыншылдығыңыз да... Қазір сүйген адамыңызға сіздің қолдауыңыз аса қажет! Сол жағын ойлап қойыңыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер