BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

16 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті жұлдыз-жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар.

Тоқты
Бар болмысыңызды шынайы көрсетіңіз. Біреуге жақсы көрінемін деп қол ұшын созудың қажеті жоқ. Әйтпесе достарыңыз маңызды сәтте көмектесуден бас тартуы мүмкін. Жұмыста да, үйде де аса тәуекелді істерге бармаңыз. Бұл күн "Көп сөз — көмір, аз сөз — алтын" деген нақыл ұраныңыз болсын.

Торпақ
Бұл күн сізге зор шабыт сыйлайды. Тың идеялар арқасында көш бастайсыз. Ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз, ол тек жетістікке жетелейді. Жаңа беделге ие болуыңыз ғажап емес. Кешке бақытқа бастайтын таныстық күтіп тұр. Өзіңізге абай болыңыз. Ісіңіз бен тіліңізді бақылауда ұстамасаңыз, кикілжің туындауы ықтимал.

Егіздер

Жұмыстағы жанкештілік пен шеберлігіңіздің, мамандығыңызға деген сүйіспеншілікті көрсетіп бағыңыз. Бүгін жеңіске жетсеңіз, бар өміріңіз өзгеріп сала береді. Нақты шешім қабылдарда жақсылап ойланып, өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын жағдай жасаңыз. Әлдекімдер сөзіне сеніп қалмай, әр ақпаратты үтір-нүктесіне дейін дұрыстап тексеріңіз. Қазір өз тағдырыңыздың патшасы екеніңізді естен шығармаңыз. Болашағыңызды, қай жолмен жүреріңізді өзіңіз ғана таңдайсыз.

Шаян
Шаян белгісінде туған жандар үшін бүгінгі күн бақытты сәттерге толы. Жұмыста да, махаббатта да бар ойыңызды жүзеге асыратын сәт туды. Пеш түбінде отырғанға біреу бірдеңе әкеліп бермейтінін ескеріп, өзіңіз әрекет етіңіз. Батылдар мен еңбекқорлар ғана қарсыластарын шаңында қалдырады. Қаржылық жолда биікке көтерілуге мүмкіндік туып тұр. Отбасындағы шешілмеген түйіндер сіздің ұйымдастырушылық қабілетіңізге қарай шешімін таппақ.

Арыстан
Әрдайым өз күшіңізге сенімдісіз. Тек пікір білдірерде абай болыңыз, қырсығып, сөз таластырып жүретін уақыт емес. Бүгін жаңа кеңістік ашылады, жалқаулыққа жар беріп, жақсыға қол сілтемеңіз. Шығармашылық шаралары, ақпарат алмасу, зияткерлік тұлға даралануы, халықаралық байланыстар жөніндегі істер есігіңізді күліп қағады. Сәттіліктерге сіз де қуана құшақ жайыңыз.

Бикеш
Бүгін ешкімге уәде бермеңіз. Айтылғанның бәрін уақытылы орындау қиынға соғады. Бүгін болашаққа бас қатыруға тура келеді. Шығармашылық жолында ойға алған нәрселеріңіз іске асады. Жақын жандарыңызға көңіл бөліңіз, олар сіздің қолдауыңызға мұқтаж. Кешке достарыңызбен кездесу жағымдылық пен жайлылық сыйлайды.

Таразы
Бәрін түбегейлі өзгерту не қаз қалпында қалдыру – тағдыр екінің бірін таңдауды талап етеді. Аралықта қалуға болмайды. Жұмыста, оқуда қаржылық жағдайда қандай жол таңдасаңыз да тек жақсылық әкеледі. Сыңарыңызға осы жолы қыңырлық көрсетпеген жөн, бәрінен жалығып, бұрылып кетіп қалса, сан соғып қалатын өзіңіз ғана боласыз.

Сарышаян
Күн аяқталғанша ең маңызды істің бәрінен нәтиже шығаруға тырысыңыз. Батыл болыңыз, басқаларды тың оймен таңдандырыңыз. Ешкімге сенім артпай, бар мәселені өз бетіңізбен шешуге дағдыланыңыз. Бүгін қаржыңызды қалағаныңызша жұмсауға болады. Жұбыңыз болса, ең тәтті естеліктер осы күнге жазылады. "Алма піс, аузыма түс" деп жүре бермеңіз. Сіздің ұраныңыз: "Келдім, көрдім, жеңдім" болуы тиіс. Денсаулыққа көңіл бөліп, иммунитетіңізді нығайтыңыз. Үйдегілерден жақтан мадақтау алуыңыз да әбден мүмкін.

Мерген

Бүгін тек көтеріңкі көңілде боласыз, мерекелік көңіл күй өзінен өзі төгіліп тұрады. Соған орай, жұмыста айыңыз оңынан туады. Өмірге күліп қараған адамға өмір ешқашан қабағын түймейтінін есте ұстаңыз. Жоғары жақтан өте бағалы да байсалды сый түсуі ықтимал. Мамандық ұстанымыңыз да оң өзгерістерге бастайды. Қаржы тапшылығы да жолықпайды. Мұның бәріне маңдай тер сіңуі керегін ұмытпаңыз.

Тауешкі
Жаңа жобаларды жүзеге асырып, батыл жұмыстарды қолға алуға тамаша күн. Жоспарланбаған жүздесулер қызық қырымен танылады. Бүгін соңыңыздан ерер қаңқу сөздерге пысқырып қарамасаңыз да болады. Айтылған жерінде қалады. Кімнің кім екенін уақыт анықтайды.

Суқұйғыш

Барлық қарым-қатынас істе өнімділік береді. Бүгін бастаған істеріңізді аяқтап, жұмысыңызға сараптама жүргізіңіз. Осыған дейін жеткен жетістіктеріңіз бен жіберген кемшіліктеріңізді тізбектеңіз. Шешілмеген түйіннің оң жауабын табуға мүмкіндік бар. Әріптестер, достар, туыстар, жақын-жуық – барлығын саралап, кімді ренжіттіңіз, кімге артық сөз айттыңыз, осыны зерделеңіз. Ағат басқан қадамыңыз үшін кешірім сұрайтын сәт жетті, кірлеген көңілді жууға аса қолайлы кез туып тұр. "Үнемі өзімдікі дұрыс" деген менмендікті ысырып қойып, бір уақыт парасаттылық пен төзімділікке орын беріңіз.

Балықтар

Бастаған ісіңізге ешқашан күмәнмен қарамаңыз. Түбірі терең болмаса да, басталған жұмыстан бас тартуға болмайды. Жақын жандарыңызбен қарым қатынаста да стратегия мен тактика пайдаланыңыз. Тек белгілі жайларға ғана емес, әр ұсақ-түйекке көңіл бөлу керек. Кеште өзіңізге жақын адамдармен кездесу ұйымдастырыңыз.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер