BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

16 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін жұлдыздар қандай кеңес береді?

Тоқты

Бүгін жұлдызыңыз жанып кез-келген қиындықтан оңай құтылып кетесіз. Шешімін таппаған жұмыстарыңызды тез арада шешуге барынша күш салыңыз. Жаңа адамдармен танысып, тамыры кеңге жайылатын табыс көзін табуыңыз ықтимал.

Торпақ

Өз ісіңізге барынша жауапкершілікпен қарағаныңыздын арқасында көптеген келеңсіздіктерден оңай шыға аласыз. Алайда кей жағдайларда ол көмектесе бермейді. Өзіңізге көп сын көзбен қарамағаныңыз жөн. Себебі өзіңізді жек көріп кетуіңіз де ықтимал.

Егіздер

Болып жатқан оқиғаға дұрыс баға беріп, әрекет жасауға тырысыңыз. Бұл сізге көптеген қиындықтардан құтылуға мүмкіндік береді. Ойланбай әрекет жасаудан абай болыңыз. Көп еркелікке, жалқаулыққа бой алдырмағаныңыз жөн.

Шаян

Өмірлік тәжірибеңізге сүйене отырып алда тұрған қиындықтарды жеңуге мүмкіндік аласыз. Алайда оған қол жеткізу сондай оңай болмауы ықтимал. Ұсақ-түйекке бола айналаңыздағы адамдармен сөзге келіп қалудан сақ болыңыз. Жеке өміріңізді жақсартам десеңіз жақындарыңызбен жақсы болуға тырысыңыз.

Арыстан

Жолыңызда кездескен қиындықтарды жеңуге бейімделгеніңіз жөн. Себебі ол болашақта алдыңыздан шығуы мүмкін. Оған қоса жаңалыққа құлшынатын жұлдыз иелерінің білімі мен тәжірибесі өте аз болғандықтан сыртқы көркіне ғана үміт арта алады.

Бикеш

Бұл күн қызықты таныстар мен жаңа романтикалық кездесулерге толы болмақ. Жеке өміріңіз бен қызметіңізде/оқуда елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы күткен хабарыңызды алып, қуануыңыз мүмкін.

Таразы

«Жалғыздың үні шықпас» демекші барынша достарыңызбен келісіп,əр істің ортақ шешімін табуға тырысыңыз. Бірігіп жұмыс істеу арқылы толағай жеңістерге жетуіңіз ықтимал. Қомақты қаржыға ие болуыңыз мүмкін. Кешкі жиынға дайындалыңыз.Әр жиынға лайықты киінгеніңіз жөн.

Сарышаян

Өміріңізде елеулі өзгерістер болып, жақсы жаққа бағыт алуы мүмкін. Сіз қолға алған кез-келген іс сәтті болып, олжалы болуыңыз ықтимал. Тіптен қарсыластарыңызды шаң қаптырып, жоспарламаған бастамаларды да қолға алғаныңыз жөн. Қаржылық жағдайыңыз жақсы болғанымен, бет алды жұмсаудан сақ болыңыз.

Мерген

Күннің орта шенінде достарыңызбен кездесіп, қарым-қатынастарыңызды одан əрі нығайтуға тиімді уақыт болмақ. Сүйіктіңізбен болмашы нəрсге керісе беруіңізді қойыңыз.»Үндемеген-үйдей пəледен құтылады» деген сөзді ұмытпаңыз.

Тауешкі

Сіз қоғаммен тығыз байланыс орнатып, қарым-қатынастарыңыздың нығаюынан рахат аласыз. Соның арқасында өмірге деген құштарлығыңыз артып, жаңа тың ойлардың пайда болуы ықтимал. Ірі жиын отырыстарына да қатысуыңыз мүмкін.

Суқұйғыш

Осы күн көп Суқұйғыштарға қызықты және тиімді бастамаларға толы болмақ. Айналасындағы адамдарды дара талантымен таңғалдырып, қошеметке ие болуы ықтимал. Бүгін сіз ортаның назары ауатын тұлға боласыз.

Балықтар

Бұрын-сонды тіл табыса алмаған адамдармен байланыс ұстауға тиімді уақыт болмақ. Ішкі түйсігіңіз басқалардың сізге деген көзқарасын сезсе де, ештеңеге қарамастан алға ұмтылуға тырысыңыз. Онымен дос болып кетулеріңіз де ықтимал.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер