BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

16 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

Аптаның бірінші күні жұлдыздар сіз бен бізге қандай кеңес береді?

Тоқты

Күннің алғашқы жартысында өзге адамдардан ұсыныс түсуі мүмкін, алдаушылықтан сақтаныңыз! Жақындарыңызбен жылы қарым- қатынас орнатыңыз. Қандай қиындыққа да мойымай еңбек етсеңіз, өз жемісін береді.

Торпақ

Қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін қолдан келгеннен аянып қалмаңыз. Қызғаншақтардың кесірінен зардап шегуден сақ болыңыз. Шектен тыс сабырсыздық сізге пайда əкелмейді.

Егіздер

Өмірдің жақсылығында да, жамандығында да тек өз тапқырлығыңызға жүгініңіз. Бір аптаға арналған жұмысты алдын-ала жоспарлап қойыңыз. Ақшаңызды үнемдеп жұмсаңыз. Жұрттың қаңқу сөзіне мəн бермеңіз.

Шаян

Қамқорлығыңызға мұқтаж адамдарға көмек қолын созудан аянып қалмаңыз. Əр нəрсені көңіліңізге алып, босқа денсаулығыңызды құртып алмауға тырысыңыз.

Арыстан

Бүгін маңызды кездесу мен романтикалық кештер болады. Жолда жүргенде абай болыңыз. Көптен бері шешімін таппай жүрген проблемадан арыласыз!

Бикеш

Үйдің бар тіршілігін өз мойныңызға арта бермей, отбасы мүшелерімен бөлісіп алыңыз. Жоспарлаған істеріңіз аяқ астынан өзгеруі мүмкін, оған бола абыржымаңыз. Бір шаруалармен жолға шығуыңыз мүмкін.

Таразы

Егер жақсы дайындалсаңыз, қолға алған əрбір ісіңіз сəтімен болады. Сақтық пен ұстамдылықты ұмыт қалдырмаңыз. Шектен тыс құштарлыққа бой алдырудан аулақ болыңыз. Кешке жақсы тынығуға тырысыңыз.

Сарышаян

Өзіңізге ұнайтын затты сатып алу үшін көбірек шығын шығарасыз. Жаңаша бастама ұсынғандар болса, одан бас тартпаңыз. Қандай қиындық болса да тығырықтан шығар жол табыңыз. Жолға шығуды жоспарламаңыз!

Мерген

Туыстарыңыздың көмегімен қолға алған ісіңізді аяғына жеткізесіз. Күтпеген жерден пайдалы ұсыныстар түсуі мүмкін. Барлық мүмкіндікті құр жібермеуге тырысыңыз!

Тауешкі

Сізге біресе анау керек, біресе мынау керек... Өмір зулап өтіп жатыр, таңдауыңызды тоқтатып, бір шешімге келіңіз.

Суқұйғыш

Сіз бүгін сондай сүйкімдісіз. Сіздің алдыңызда ешбір адам тіктеп тұра алмайды, бүгінгі күн сіздің ортаның нұры болуға арналған.

Балықтар

Күннің бірінші жартысында аздап еңбектенуге тура келеді. Екінші жартысы сізге арналған, кештен лəззат алыңыз.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер