BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

14 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін жұлдыздар не дейді?

Тоқты

Бүгінгі күн қарбаласпен басталғалы тұр. Солай бола тұра, көңіл-күйіңіз сіз ойлағаннан да керемет болады. Жалқаулыққа жол бермей, еңбекке қарай ұмтылыңыз. Кешкісін денсаулығыңызға көңіл бөліп, өзіңізге демалыс жариялағаныңыз дұрыс шешім болады.

Торпақ

Сіздің мақсаттарыңыз көп пе? Онда оларды ретке келтіріңіз. Бүгін сіздің өміріңізге жағымды өзгерістер еніп, армандарыңызды күтіп алуға тура келеді. Сізге ең дұрысы бастаған істеріңізді аяқтаған жөн. Міндетті түрде ойланып барып сөйлеңіз, достарыңыз мен отбасыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Бүгінгі күніңіз қызыққа толы көңілді күн болмақ.

Егіздер

Бүгін ішкі түйсігіңізге сенбеңіз. Одан да өмірлік тәжірибеңізге сүйенгеніңіз өте дұрыс шешім. Себебі, сізді көп қолайсыз жағдайлардан алып шығады. Пікіріңізді білдіруге, шешім қабылдауға асықпаңыз. Қаржылық проблемалардан аулақ болғаныңыз дұрыс.

Шаян

Қаржылық жағдайыңызды жақсартып, кәсіби істеріңізді дамытқыңыз келсе, ішкі жан дүниеңізге сеніп, шығармашылық жұмысыңызды іске қосыңыз. Достарыңызды да ұмытпаңыз, бүгінгі күн сіз үшін өте көңілді өтпек. Сонымен қатар материалдық жағдайыңыз жақсарып, əр қадамыңыз сәтті жүретін болады.

Арыстан

Бүгінгі күн сіз үшін ауыр басталуы мүмкін. Қаржыңыздың көп жұмсалуы, жұмысыңызда не оқуыңызда кейбір істеріңіз сәтсіз жүруі, сіздің жүйке жүйеңізге әсер етуі мүмкін. Бірақ сіз бұған мойынсынбай, берілмеңіз. Жаңадан танысу сізге пайда əкеліп, жақсы əсер қалдырады.

Бикеш

Бүгін сіздің абыройыңыз бен адал еңбегіңізге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Керісінше әрі қарай дамытуға тырысыңыз. Алдағы уақытта сізді көптеген жетістіктер күтуде. Дегенмен, «Сақтансаң, сақтармын» дегендей, тәуекелге бел бумай, жағымсыз істерден аулақ болуға тырысыңыз.

Таразы

Бүгінгі күннің басында сіз өз ішкі жан дүниеңізге құлақ түргеніңіз дұрыс болар. Сезімталдығыңыз қаржы жұмыстарыңызға пайдасын тигізуі әбден мүмкін. Күннің түстен кейінгі бөлігі сізге өте сәтті кезең болып тұр. Жаңа достар табасыз, жаңадан іс бастайсыз.

Сарышаян

Көптен армандаған мақсатыңызға жетудің аз-ақ алдында тұрсыз. Сіз үшін бәрі бітті деп көрінсе де, мойынсынбауға тырысыңыз. Жеке өміріңізге байланысты істеріңіз сәтті аяқталады. Болашақта жаңа биік белестерден көрінесіз.

Мерген

Бүгін сізге жұмысыңыз бен демалуды бірге алып жүрген дұрыс болар. Ал бос уақытыңызды жақын туыстарыңызға бөлгеніңіз жөн, себебі, сізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Бірақ бүгін сіз оларға ізгі ықыласыңыз бен мейіріміңізді төге аласыз. Өйткені ең жақын туыстарыңыз ең қиын сәттерде сізді қолдап отырады.

Тауешкі

Бүгінгі күн сізге шытырман оқиғалы болуы мүмкін. Қиыншылығы да аз емес. Сүйгеніңізбен тіл табыса алмайсыз, сонымен қатар ұсақ-түйек заттарға көп қаржыңызды жұмсайсыз. Жеке өміріңізге байланысты жағымды жаңалықтар осы күннің еншісінде.

Суқұйғыш

Бұл күн өте сәтті болмақ. Беделіңіздің көтерілуіне үлкен мүмкіндік туып тұр. Сонымен қатар материалдық және әлеуметтік жағдайыңыз жақсарады. Көптеген жұмыстарыңызға байланысты проблемалар сіздің талпынысыңызға әсер етпейді. Себебі, сіздің жұлдызыңыз бүгін көп жетістіктерге жақын тұр.

Балықтар

Бұл күні өзіңізге ғана сеніңіз. Дұрысы сізге күрделі жоспарларыңызды және өміріңіздегі жаңа өзгерістерге көңіл бөлмеу керек. Тыныштық сақтасаңыз, көп жетістіктерге жетесіз. Қаржылық жағдайыңызға көңіл бөліңіз. Жақындарыңызға да жәрдемдесуді естен шығармағаныңыз абзал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер