BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

13 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті жұлдыз-жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар.

Тоқты
Бүгінге жоспарланған жол жүру болса, шықпағаныңыз дұрыс, жолыңызға кедергі болуы мүмкін. Бүгінгі күніңізді сүйіктіңізбен əңгімелесуге, үй жұмыстарын жасауға, классикалық əуен тыңдауға арнаңыз, шаршағаныңыз басылып калады.

Торпақ
Əйел торпаққа бүгін көп көз түседі, өткені сіз ерекше құлпырып жүресіз. Болашаққа жоспар құруға ыңғайлы күн. Ер торпақтар, керісінше, ескі жараның орны ашылып, жауапсыз қалған ескі істерді тындыруға тура келеді.

Егіздер
Бүгін қонақ шақыруға, достармен бас қосуға өте қолайлы күн. Əйел егіздер, ортаның нағыз гүлі боласыз. Ал ер егіздер, ақша шығынына ұшырайсыз,бірақ сол ақшаға сай келетін сыйға ие боласыз.

Шаян
Бүгін сіз өзіңіздің басқа елге барып демалу керектігіңізді сезінесіз. Досыңызбен сырласып, мазалап жүрген сұрақтарыңызды талқылап алыңыз. Уайымдамаңыз, ойлаған нəрсеңіз көп кешікпей іске асады.

Арыстан
Өміріңізде аса үлкен өзгеріс болғалы тұр. Ол сізге оң жəне теріс əсер де тигізуі мүмкін. Жақын адамдарыңызбен кикілжің болуы мүмкін, аса сақ болыңыз.

Бикеш
Пассивті күн сіз үшін. Бүгін ақшамен шешілетін шаруаларға араласпағаңыз жөн, шығымдарыңыз өзіңіз ойлағаннан да көп кетіп қалуы мүмкін. Тез шешімді қажет ететін проблемалардан бас тарттыңыз. Жақын аламдарыңызбен ренжіскен жағдайда, өзіңіздің тəкәппарлығыңызды жеңіп, кешірім сұраңыз.

Таразы
Бүгін сізге бостандық күні десек, қателеспейміз. Бүгін ортаға шығып билесеңіз де болады. Бүгінгі сіздің жақсы көңіл-күйіңізді ештеңе де түсіре алмайды. Тек денсаулығыңызға зиян келетін нəрселерден, яғни спирттік ішімдіктерден аулақ болыңыз.

Сарышаян
Бүгін сіздің еңбекке шыдамдылығыңызды сынаққа алатын күн. Беделігіңізге нұқсан келетіндей ешнəрсе болмайды. Күндізгі шаршауыңыздың кешке жемісін көресіз.

Мерген
Бүгін дукен аралап, шоппинг жасауға, қонаққа баруға өте қолайлы күн. Өзіңіздің сөзге шеберлігіңіздің арқасында жаңа таныстыққа ие боласыз. Жақсы бір жерге жол жүруіңіз мүмкін, ақша шығыны болғанымен, сыйлыққа ие боласыз

Тауешкі
Іс-əрекетті бағалаңыз, бос сөздер мен керексіз сыйлықтар тек көз алдаушылық. Сіз үшін жанын беруге дайын адамды байқамай қалудан сақтаныңыз!

Суқұйғыш
Қорыққан адамның көзі шарасынан шығардай үлкейеді, неге сонша үрлейленесіз?! Себебі бұл қиындықты еш тер төкпей, жүйке жұқартпай шеше аласыз.

Балықтар
Бүгін таң атысымен сəтті билетті суырып алдыңыз десек қателеспейміз. Бұған қосымша кешке тағы 20% сəттілік қосып аласыз.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер