BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

12 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін сіз бен бізді не күтіп тұр? Жұлдыздар не дейді екен? Назар аударайық.

Тоқты

Барлық істі ертеңге қалдырып, дәл қазір демалып алғаныңыз жөн. Соңғы кезде отбасы мүшелерімен жиі жанжалдасып жүрсіз. Аздаған сабырлық танытсаңыз, жақындарыңыз қуанып қалар еді.

Торпақ

Ескі таныстарыңыздың ұсынған сыйлықтарын аламын деп алданып қалмаңыз. Олар сізді жағымпаздану арқылы сынап көрмекші.

Егіздер

Әр күніңізді соңғы күндей өте керемет өткізіңіз. Барлық мүмкіндікті пайдаланыңыз. Жұлдыздар дұрыс тамақтануға кеңес береді. Әйтпесе, асқазаныңыз ауыруы мүмкін.

Шаян

Тосын сыйлардың болғанынан, болмағаны жақсы. Проблемалар тізімін жазып, оларды шетінен шешкен жөн. Бірақ, бір-екеуін түзетуге әліңіз жетпеуі мүмкін. Сол кезде қиындығыңызды шешуге жақын адамдарыңыз келеді.

Арыстан

Дәл қазір орын алған тыныштыққа қуанып үлгеріңіз. Сізге жағымды эмоциялар жетіспей жүр. Ешкім қуантпаса, өзіңіз мерекелік кеш ұйымдастырыңыз. Үйдің бітпейтін тірлігін шетке ысырып, дүкен аралаңыз.

Бикеш

Іс тоқтап тұр. Алайда, дәл осылай болғаны сізге тек пайдасын тигізуде. Психологиялық деңгейде өзіңізді демалысқа бағыттасаңыз да, жауапкершілігіңіз кезекті демалыс алуға мүмкіндік бермей жатыр.

Таразы

Соңғы кезде әбден қажып жүрсіз. Сабырға келетін уақыт та жетті. Отбасылық шаруалар, мерекеге дайындалу, махаббат - осы күннің басты бағдарламасына айналады.

Сарышаян

Өзіңізден жасы кіші шаяндардан үлгі алыңыз. Бар жауапкершілікті мойныңызға алудың қажеті жоқ. Өзгеге жасаған жақсылығыңыздың қайтатын уақыты келді.

Мерген

Өміріңізді сырттан бақылап көріңіз. Себебі, алдағы күндері барлығы өздігінен жүзеге асатын болады. Болашағымды болжаймын деп бақсы, құмалақшыларға бармаңыз. Соңғы кезде ақшаны көп жұмсап жүргендіктен, оларды санап қойыңыз.

Тауешкі

Күнді сүйіктіңізбен бірге өткізесіз. Жалғыз жүрген тауешкілер іштей біреуді ұнатса, ешкімге тіс жармағаны жөн. Кез келген келісім-шартты қабылдаңыз. Айтпақшы, сізге жақын адамдарыңыз сыйлық ұсынады. Қатты шаршап жүрсіз. Қалыпқа келу үшін бір ұйықтап тұрудың өзі жеткілікті.

Суқұйғыш

Эксперимент жасаудың қажеті жоқ. Өткен өміріңіз ребус секілді суретті жұмбаққа толы болғандықтан, нар тәуекелге барам деп бармақ тістеп қалуыңыз мүмкін. Біреу қатты ренжітсе де, кек сақтамаңыз. Әзірге қарапайым шаруалармен ғана айналысыңыз.

Балықтар

Адал досты тану қиын болса да, олардың тізімін жасап, алғыс айтатын сәт келді. Жаңа жылда табысты боламын десеңіз, бұрынғы достарыңызбен қарым-қатынасыңызды қалпына келтіріңіз.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер