BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

10 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Фото: www.prelest.com

Назарларыңызға бүгінгі күнге арналған жұлдыз-жорамалды ұсынамыз.

Тоқты

Сіздің айналаңыздағыларға қойған талаптарыңыздың негізделгеніне талдау жасайтын уақыт келді. Бүгінгі күн сізден белсенділікті талап етуі мүмкін, сондай-ақ көптеген маңызды оқиғаларға толы болуы ықтимал. Шығармашылық қабілеттілігіңізді жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Торпақ

Бүгін өзіңіздің шығармашылық потенциалыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайтын жаңа жоспарлар мен идеялар туындайды. Ойлаған арман-тілектеріңізді жүзеге асыруға талпыныңыз, егер олар аз да болсын мағыналы болса, онда істеген ісіңізге өкінбейсіз. Өзіңіздің бірегейлігіңізді көрсетпей және бағалылығыңызды дәлелдемей, тыныш отырғаныңыз жөн болар.

Егіздер

Бүгін сіз оқиғаның ортасында болуыңыз мүмкін – айналаңыздағылардың назары сізге ауады. Имиджді ауыстыру туралы ойланғаныңыз жөн. Сіздің кәсіби және ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз құнына қарай бағаланады. Өте маңызды мәселелерді тап сізге шешуге тура келеді, сондықтан қыңырлық көрсетпей, бас тартуды қойыңыз. Айтқан сөздеріңізге мұқият болыңыз, ойыңызды айтар алдында жақсылап ойланып алыңыз.

Шаян

Егер сіздің демалысыңыз басталмай жатса, онда өз назарыңызды тек жұмыс мәселелеріне аударғаныңыз жөн болар. Қолыңыздан келетін мәселелерге ғана уақыт бөліп, соларды шешуге күш жұмсаңыз. Оқиғаларды жылдамдатудың қажеті жоқ, олар өз ағысымен жүре берсін. Кез келген істе сақтық пен зейінділік қажет.

Арыстан

Бүгін өз пікіріңізді байқап айтыңыз, болмаса қолайсыз жағдайға түсіп қалуыңыз мүмкін. Бұл күні достарыңыздың көмегі керек болады, үлкен жұмысты іске асыру жалғыз өзіңізге қиын соғады. Кешке келешегі бар ұсыныстарға байланысты жақсы жаңалықтар болуы мүмкін.

Бикеш

Бүгінгі күніңіз шығармашылық белсенділікке өте қолайлы. Сәтсіздік алқабы артта қалды. Сізді шығармашылық қуаты билеп алғандықтан, қуана іске кірісуге болады. Кеңістігіңізді кеңейтіңіз, өзіңізге соншалықты қажет болып жүрген жаңа бір нәрсе үйреніңіз.

Таразы

Өмірлік тәжірибеге және логикаға сүйене отырып, болып жатқан оқиғаларды мұқият талдаңыз. Өзге пікірге мойын бұрмаңыз. Жұмыстағы әріптестеріңізге/достарыңызға ашық сын айтудан тартыныңыз. Сіздің қаржылық жағдайыңызды жақсартатын табыс пен жаңа нәрсе күтіп тұр. Сіздің жоспарыңыз айналаңыздағылардың жоспарынан әлдеқайда өзгеше болуы мүмкін, осы тұрғыда біраз дау тууы ықтимал.

Сарышаян

Бүгін үйренуге қолайлы, біліктілікті немесе кәсіби деңгейді жоғарылатуға қатысты ақпарат өте жақсы меңгеріледі. Бүгін көптеген істер өздігінен немесе оңай шешілуі мүмкін. Егер өзіңіздің дұрыс пікірде екеніне сенімді болсаңыз, пікірталасқа бас сұқпаңыз. Кешке туыстарыңызға сіздің көмегіңіз қажет болады.

Мерген

Мергендердің жұмысында шығармашылық идеялар пайда болуы мүмкін, олар тез арада іске асып кетуі ықтимал. Әріптестермен қарым-қатынас жақсарады, бұл жағымды атмосфера тудырады. Жоспарланбаған таныстық табысты ынтымақтастыққа ұласуы мүмкін. Өзіңізбен және айналаңыздағылармен адал болуға тырысыңыз, сонда сіз де біреуге алданып қалмайсыз!

Тауешкі

Бүгін тағдыр сізге оң көзбен қарайды, өз ісіңізді бастауға мүмкіншілігіңіз бар. Ол үшін сізге тек сәттілік қана емес, сонымен бірге күш-куат пен уақыт керек. Алда сізді қызықты ұсыныспен еліктіруі мүмкін, одан бас тарту қиын болады, бірақ бірден келісім бермеңіз, жақсылап ойланыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін кез келген мәселені іс жүзінде шеше аласыз. Қарым-қатынас ортаңызды өзіңізге жағымды және пайдалы адамдармен толықтырыңыз. Табысты жұмыс үшін сізге шыдамдылық, сабырлылық пен байсалдылық қажет. Күн жаңа істерге қолайлы.

Балықтар

Бүгін өз жобаларыңызды жүзеге асыруыңыз қиынға соғады. Күннің екінші жартысында ешқандай жаңа іс бастамаңыз, одан да жатып демалыңыз. Өткенді еске алудың қажеті жоқ, ескі достармен кездесу – сол өткенге құрмет көрсетудің бір тәсілі. Алдыңызда қызықты және тағдырыңызды шешетін кездесулер күтіп тұрғанын ұмытпаңыз.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер