Марста кесірткеге ұқсас тас табылды - Өркениет|11 Қараша 2013, 08:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Марста кесірткеге ұқсас тас табылды

Астана. 11 қараша. Baq.kz - Марс ғаламшарын зерттеп жатқан Curiosity аппараты тағы бір қызықты нысанның суретін түсірді. UFO Sightings Daily сайтының хабарлауынша, аппараттың бейнекамерасына бұл жолы игуана кесірткесіне ұқсас тас түсіп қалған. 

Оның ежелде тірі жануар болған-болмағанын қазір зерттеп айту қиынның қиыны. Дегенмен, бұл "Қызыл планетадан" табылып отырған алғашқы мүсін емес. Бұған дейін де зерттеушілер Curiosity түсірген кадрлардан тиын жануарын, ҰОС кезіндегі неміс жауынгерінің каскасын, полиэтилен бөлшегін, гүл, маймылға ұқсас тас, тіпті көне бәтеңкені де байқаған болатын.
Уфологтар бұл құбылыстарды тылсымға баласа, астрономдар жарық пен көлеңкенің "ойыны" деген қорытындыға келіп отыр. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер