BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тараздық ЖОО оқытушылары журналистермен төбелесті

ТАРАЗ. Шілденің 19-ы. BNews.kz – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушылары «Қазақстан» телеарнасының журналистерімен төбелесті, деп хабарлайды 31 арна.

Телеарнаның хабарлауынша, жақында ғана лицензиясынан айырылғанына қарамастан, тараздық ЖОО студенттерді қабылдауын тоқтатпаған. «Қазақстан» телеарнасының түсіруші тобы аталған мәселенің анық-қанығына жетпекші болып университетке барғанда аталған оқу орын ұстаздары түсініктеме берудің орнына төбелес ашқан. Олар тіпті аяғы ауыр БАҚ қызметкерін де аямаған көрінеді. 

Журналистер жергілікті ІІБ-ге арыз жазған. Олар сот арқылы келтірілген моральдық шығын үшін өтемақы талап етуде. Жамбыл облысында репортерлерді бірнеше рет соққыға жыққан болатын, алайда мұндай "өнер" ұстаздар арасында алғаш рет байқалып тұр.

«Әділ сөз» қоғамдық бірлестігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда соңғы екі айда журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру бойынша 200-ден астам факті тіркелген.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/54893/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер