BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Германның Қазақстандағы балалық шағы

Польшаның атақты әншісі Анна Германның қазақ даласында өткен балалық шағы туралы Қырымда кино түсіріліп жатыр.

1982 жылы 46 жасында өмірден өткен Анна Герман А.Пахмутованың «Надежда» әнімен бұрынғы Кеңес Одағы халқының есінде мәңгіге қалды. «Надежда» әнін Аннадан кейін ешқандай әнші батылы барып орындаған емес және дәл солай орындай да алмас еді. Картинаның режиссері Вальдемар Кшистек:
- Аннаның Өзбекстан мен Қазақстанда өткен балалық шағын, жалпы тағдырын көпшілік біле бермейді. Әншінің жастық шағын қамтыған он сериялы фильмде тұтас тарихи дәуірді көрсететін боламыз, - дейді. Аты аңызға айналған әншінің рөлін бірнеше актриса орындайды. Германның ересек кезін Моро Йонна, кішкентай кезін Анна Кирина мен Катя Семенко, Аннаның шешесін Мария Порошина ойнайды.

Лондонда Гагаринге ескерткіш қойылды

Салтанатты түрде ашылған ескерткіш Британ кеңесі штаб-пәтерінің жанында орналасқан. Шараға тұңғыш ғарышкердің қызы, Кремль музейінің директоры Елена Гагарина қатысқан. «1961 жылдың 12 сәуірі Жер шары халқын біріктірген ХХ ғасырдағы ең маңызды күндердің бірі болды. Әкем бір елдің емес, күллі Жер планетасының атынан ғарышқа жол салды. Ұлыбритания халқы мен лондондықтарға шексіз рақметімді айтамын», - деді ол әкесінің ескерткішінің ашылу салтанатында.
Гагариннің ескерткіші Ресейдің Ижевск қаласында дайындалып, Лондонға аттандырылған екен.

Дайындаған
Төре ҒАЛИ

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8931&Itemid=2


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер