BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Элизабет Тұрсынбаева Skate Canada жарысына қатысады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 26-28 қазан аралығында Канадада (Лаваль , Квебек) өтетін мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің екінші кезеңі – Skate Canada жарысында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева бақ сынайды.

Канададағы Skate Canada Гран-при турниріне әйелдерден 12 спортшы қатысады. Элизабет Тұрсынбаевамен бірге ауқымды жарыста әлем және Еуропа чемпионы Елизавета Туктамышева, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы Евгения Медведева, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Вакаба Хигути сынды мықты спортшылар өнер көрсетеді.

Әлем чемпионатына дейінгі ең ірі жарыс саналатын Гран-при кезеңдеріне әлемнің ең үздік спортшылары қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер