BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Азиада аруы» кім болар екен?

Кеше Алматы қаласында VII қысқы Азиада ойындарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Азиада аруы-2011» атты сұлулық байқауының баспасөз мәслихаты өтті. Сұлулық байқауына еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшы модель қыздар қатысыпты.
«Азиада аруы» байқауының продюсері Яна Малер: «Байқауға 60 ару қатысты, олар­ға қойылатын басты талап – белгілі бір спорт түрімен айналысуы керек. Енді ша­ра­ның фи­нал­дық кездесуінде 60 модельден үздік шық­қан 20-сы өзара бақ сынасады. Сыннан сүрін­бей өткен қыз «Азиада аруы» атанбақ. Финалдық кездесу 1 ақпан күні өтеді. Бай­қауға өтініш білдірген қыздардың арасын­да каратэ, ауыр атлетика сынды спорт түрлерімен айналысатындар да болды», – дейді. Финалдық кез­­десуге іріктеп алын­ған­дар бір апта бойы хореография, кәсіби түр­де модель бизнесімен айналысатын мамандармен, спорт жаттық­ты­ру­шыларымен арнайы дайын­дық­тан өтеді. Байқауға қатысу үшін та­лап­кер­дің бойы – 173 см, жас шамасы 18 бен 25 аралығында болуы тиіс еді. Раушан ҚАСЫМОВА, Алматы қаласы әкімшілігінің өкілі: – Халықаралық Азиаданың Алматы қаласында өтіп жатқаны – біз үшін үлкен абырой. Осы доданың аясында «Мәдени Азиада» атты жобамыз да іске қосылды. Онда Қазақстанның тарихы, мәдениеті қонақтарымызға етене таныстырылатын болады. Ал аталмыш жобаның пайда болуына тоқталатын болсақ, Алматы қаласының әкімшілігі және Азиаданы ұйымдастыру комитетінің қызметкерлері белсенділік танытты. Яна МАЛЕР, «Мисс Азиада» байқауының продюсері: – Байқауға қатысу үшін қыздарымызға «шынайы модельдің сыртқы келбеті мен пішімі сәйкес келуі керек» деген талап қойылмады. Оларға қойылған ең басты талаптардың бірі белгілі бір спорт түрімен айналысуы еді. Қыздарымыздың барлығы бірінен-бірі асқан сұлулар. 1 ақпан күні өтетін финалдық кездесуде бізге «шынайы аруды» таңдау қиынға соғатын сыңайлы. Автор: Сейілбек АСАНОВ http://www.alashainasy.kz/sport/17975/

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер