BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада медицина саласына арналған фотокөрме өтеді

Астана, BAQ.KZ. Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Астанада «Мықты дәрігер» медициналық сурет көрмесі өтеді.

№2 көпбейінді қалалық аурухана ұйымдастырып отырған бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ғимаратының алаңында өтетін болады. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараны салтанатты түрде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ашады және мерекелік іс-шараға Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Қамалжан Надыров, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зауреш Аманжолова қатысады.

Медицинаға арналған «Мықты дәрігер» сурет көрмесі іс-шарасы аясында фотограф Марат Амировтың жұмысы ұсынылатын болады, онда заманауи дәрігерлердің операциядағы, консультациядағы және мамандардың медициналық қабылдауларындағы образдары әр қырынан көрсетіледі.

Бұл іс-шараға Астана қаласының барлық медициналық ұйымдарынан әріптестеріміз қатысады.

Бұдан басқа, сурет көрмесінің бағдарламасында №2 көпбейінді қалалық ауруханасының ерекшелігі туралы бейне роликтің тусау кесерін көрсету жоспарланған және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР Тұңғыш Президентінің Премия Қорының лауреаттарының, «Серпер» жастар премиясының және «Астана мюзикл» театры артистерінің музыкалық концерттік нөмерлерімен сүйемелденеді.

Естеріңізге сала кетейік, көрме осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғаш рет 5 қараша күні өткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер