BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда «Мәңгілік таңбалары» көрмесі өтеді

Астана, BAQ.KZ. 29 қараша күні Алматы қаласындағы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағы мен Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер одағы Шымкент ұйымы басқармасының төрағасы Сұлтан Иляевтің «Мәңгілік таңбалары» көрмесінің салтанатты ашылы болады.

Сұлтан Иляевтің шығармашылық жолы Шымкент педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін аяқтағаннан кейін 1970-жылдары басталды. 1980-жылдары оның есімі сәндік-қолданбалы өнер шебері ретінде өзінің киіздерімен белгілі болды. 1990-жылдардан бастап өзін толықтай кескіндемеге арнады.

Сұлтан Иляев өзінің өнеріне символдар мен таңбаларға толы кескіндемедегі ерекше форманы тапқан. Суретшінің кескіндемесін көркем шарттылық пен жалпылық біріктірілген өзіндік метафора деуге болады. Ең бастысы, онда ішкі ахуал мен түстің үндестігі, колориттің декоративтік үнділігі, әр түрлі элементтерді күтпеген безбендеуден құрылған пластикалық форманың көзтартар әдемілігі бар. Суретші өз картиналарына этномәдени сипатқа толы құрақ, шаңырақ сынды қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің элементтерін кіргізген. Түйелер, балықтар, құстар, өгіздер, үйлер, балалар мен үлкендер оның туындыларының заттық әлемінде әрдайым көзден таса қалмайды. Бұлардың барлығы ойлар мен екпіндердің кең диапазонын тудырады. Сырттай көрінетін картинаның астарынан көрермен басқаша, болжалды немесе шамаланған қабаттары мен пландарын айырып алады. Сұлтан Иляев өзінің жеке стилистикасын, өзінің жүрегімен таныған тілін қалыптастырды. Суретшінің рухани дәстүрі әлемі – дайым мәңгіліктің басы болатын Уақыт өз кеңістігінде еріп, сіңіп кететін жетілген, әмбебап әлем.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер