BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда кимешек туралы арнайы кітап шығарылғалы жатыр

АЛМАТЫ. 23 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Алтын арқау" мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, журналист, этнограф Ғалия Қайдауылқызы "Киелі кимешек" деген монографиялық зерттеуін баспаға әзірлеуде. Автордың айтуынша, қазақ әйелдерінің ұлттық киімі туралы кітап жыл соңына қарай жарық көрмек.

"Әйел заты үшін басын сыйлата білу барлық уақытта өміршең қағида болып есептелген. Оны сонау ерте замандарда тасқа қашалған суреттерден де анық байқауға болады. Ондағы әйелдер денесі ашық болса да басын жапырақпен, дестемен жапқан. Әйел затының басын жауып жүруі тек әдеміліктің көрінісі емес. Ол өзін-өзі сақтаудың және құрметтелудің бір жолы", -дейді ол. Бұған дейін ол киелі кимешек деген киімдердің 40 түрлі топтамасына мемлекеттік патент алған еді. Ол бүкіл әлемде баламасы жоқ деген белгі. "Патент алу бұл киелі дүниеге халқым иелік етсе деген ниеттен туындаған іс. Мысалы, дүниежүзінде әйелдердің біреуі қалпағын, біреуі телпегін, біреуі тақиясын, біреуі орамалын, біреуі хиджабын, біреуі пәренжесін әлпештеп жатады ғой. Енді кимешек деген бір ауыз сөз қазақтың киім үлгісі екен деп аталып кетсе менің бүкіл мақсатым орындалды деп есептеймін", - дейді Ғалия Қайдауылызы. Оның пайымдауынша, кимешек тақылеттес бүркеншек жалпы бүкіл әлемге тән киім үлгісі. Дей тұрғанмен біздің кимешектің ерекшелігі оның мәні, сәні және мазмұнының өзара үйлесім табуы болып отыр.

 

inform.kz/kaz/article/2394872


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер