BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Теміртауда 90 отбасы баспаналы болды

Фото: 24.kz

Астана, BAQ.KZ. Теміртау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 90 отбасы баспаналы болды.

Жалдамалы пәтерлер бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, жетім балаларға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға үлестірілді, деп жазды «Хабар24». Бұл - соңғы бес жылда құрышты қалада салынып отырған алғашқы үй. Жергілікті билік өкілдері қаңырап бос қалған ғимаратты «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аз уақытта қалпына келтіріп, мұқтаж жандардың қажетіне жаратты. Дегенмен, шаһарда үй кезегінде тұрған әлі де 6 мыңға жуық адам бар. Сондықтан биыл мұнда тағы екі бірдей көпқабатты үйдің құрылысы басталмақ.

«Үй кезегінде 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап тұрдым. 10 жыл күттік. Осы күнге дейін үй жалдап тұрдық. Қуаныштымыз», - дейді Теміртау қаласының тұрғыны Жаңыл Алданышқызы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер