BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Сырдария ауданында 42 отбасы баспаналы болды

Астана, BAQ.KZ. Тұрғынүйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа пәтердің кілті 42 жанұяға – олардың қатарында бюджеттік сала қызметкерлеріне, баспанасы апатты жағдайда деп танылған отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына және Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровқа табысталды.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев аудан орталығы Тереңөзек кентіндегі көпқабатты екі үйдің ашылу салтанатына қатысты.

«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бүгін Сырдария ауданында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 42 отбасыға жаңа пәтердің кілті берілді. Бұл - тұрғын үй кезегінде тұрып, бүгін пәтерлі болу бақытына ие болған әрбір отбасы үшін зор қуаныш», - деді аймақ басшысы.

Тұрғынүйдің ашылу салтанатында пәтер алушы тұрғындар баспана мәселесін шешіп бергені үшін аймақ басшысына алғыстарын білдірді.

«2009 жылдан бастап тұрғынүйге кезекте тұрмын. Көп жыл бойы үш баламмен жалдамалы пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік, бүгін көптен күткен жалға берілетін тұрғынүйге қол жеткіздік, енді тек коммуналдық қызмет ақысын төлейтін боламыз. Кең үш бөлмелі пәтерге ие болғанымызға өте қуаныштымыз, облыс басшылығына алғыс айтамын», - деді Әлия Әбдіхалықова.

Бүгінде Қызылорда облысының аумағында 1747 пәтерлік тағы 69 көппәтерлі тұрғынүйдің құрылысы жүргізілуде. 55-і биыл іске қосылады, олардың қатарында Сырдарияның сол жағалауындағы 14 көппәтерлі тұрғынүйден құралатын тұтас шағын мөлтек ауданды пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер