BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл ақтөбеліктерге 10 000 жер учаскесін бөлу жоспарланып отыр

Бұл туралы Ақтөбе облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Ұшқын Мыңбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгінгі күні Ақтөбе қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың саны - 131 894. 2017 жылы қала маңынан азаматтардың кезегіне сәйкес 10 400 жер учаскесі «Бауырластар-3», «Думан», «Парасат» «Жаңақоныс-2», «Жаңақоныс-3», «Жаңақоныс-4», «Ақшат-3» тұрғын массивтерінен бөлініп берілді. Биыл 2006 жылдың аяғында тіркелген өзге азаматтарға және 2007 жылғы кезектегі азаматтарға 10 000 жер учаскесін бөлу жоспарланып отыр», - дейді Ұшқын Мыңбаев.

Сонымен бірге, 2007 жылғы кезекте тұрған азаматтардың арыздарын қанағаттандыру үшін бүгінгі күні ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай отырған шамамен алаңы 1489,0 га жер учаскесі қаланың жер қорына қайтарылып, коммуникациялық желілері жақын орналасқан аумақтан жер учаскелеріне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде.

Ұшқын Мыңбаев ауылшаруашылығы және коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерінің тиісті нысаналы мақсатында игеріліп жатқандығын немесе нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқандығын анықтау, сондай-ақ оларды мемлекет меншігіне қайтару мақсатында жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарына нақты тоқталып өтті.

Ақтөбе қаласы бойынша 5 селолық округте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі – 123 104 га құрайды, оның ішінде көлемі – 72 831 га 158 шаруа қожалығы, 47 989 га 55 жер ( ЖШС-гі, АҚ-ы, ӨК-інің) жерлері тіркелген. Ағымдағы жылы «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ тарапынан Ақтөбе қаласы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жер учаскелеріне түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

Қала бойынша ағымдағы жылы бөлім тарапынан коммерциялық мақсатқа берілген жер учаскелеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалпы көлемі 154 га 81 жер учаскесінің меншік иелеріне қатысты материалдар шара қолдану үшін облыстық жер инспекциясына жолданды.

Ақтөбе қаласында ағымдағы жылы жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукциондарды (ағылшындық әдіс) өткізу жұмыстары жалғасуда.

Өткен жылдары жер учаскелерінің жалдау құқығын сату конкурс арқылы өткізіліп келсе, 2016 жылдан бастап аукцион арқылы өткізуді қолға алып отырмыз. Бұл – жер учаскелерін сату кезіндегі айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Жер учаскелерін аукцион арқылы сату бюджетке түсетін қаражаттың көлемін арттырады.

«Атап айтсақ, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе қаласы бойынша азаматтық - өндірістік нысандардың құрылысы үшін жалпы көлемі-20,3 га болатын 50 жер учаскесінің жалдау құқығы аукцион арқылы коммерциялық мақсатқа 123,7 млн.теңгеге сатылып берілді», - деп айтты Ұшқын Мыңбаев.

Сонымен бірге, бау-бақша ұжымдарына түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбенің Бас жоспар бойынша дамуына қатысты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Таңат Шегебаев: «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысын ескере отырып, аумақтың айтарлықтай өсімі көзделіп отыр», - деп хабарлады. Егер 2003 жылғы бас жоспар шекараларында қала ауданы 42 846,9 га құраса, келешекте қала аумағы 71 248,4 гектарға дейін өседі.

Сондай-ақ, қаланың бұрыннан салынған бөлігіндегі, дәлірек айтсақ, Мәскеу, Сазды және Ескі қала аудандарындағы қайта жаңғырту іс-шаралары іске асырылатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер