BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауылға арналған тұрғын үй бағдарламасын әзiрлеп жатырмыз – вице-министр

Ауылға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзiрлеп жатырмыз. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрi Қайырбек Өскенбаев осылай айтты, деп хабаралайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiн Мәжiлiс үйiнде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыру барысы туралы дөңгелек үстел өттi. Жиында Мәжiлiс депутаты Уәлихан Қайназаров ауыл тұрғындарын баспанамен қамту мәселесiн көтердi.

«Мүмкiн «7-20-25» бағдарламасына өзгерiстер енгiзу керек шығар. Бiз ауылды жерлердi аралағанда жергiлiктi тұрғындар осы мәселенi көтердi. Олар «7-20-25» бағдарламасына сай жаңа үйлер қалада ғана берiледi, ал ауылда тұратындар не iстеймiз?» дейдi. Менiң ойымша, ендi ұсыныс ретiнде айтайын, ауылды жерлерде қандай үй болсын, жергiлiктi жер үй болсын, соны сатып алуға мүмкiндiк беру керек. Үй кiрпiштен не саманнан салынған ба, оған бiз басымызды қатырмауымыз керек. Мүмкiндiк бер, алсын. Одан кейiн келешекте ол үйiн жаңартып алады. Бастысы оның жерi, коммуникациясы, бәрi болады. Осындай мүмкiндiк беретiн болсақ, ауылдан қалаға адам ағымы азаяды. Әйтпесе, бiз осындай қарқынмен кете берсек, қалаларды тағы бiр ғасырдай салуымыз керек болады. Сондықтан ауылда тұратын азаматтарды сол жерде қалдыру керек. Қалаға үлкен жүктеме түсiрмеу қажет», - дедi Уәлихан Қалназаров.

Ал, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрi Қайырбек Өскенбаев бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

«Мен өткен отырыста айтқанмын, жалпы, барлық отырыстарда «менiң ауыл бойынша позициям ерекше, бiз ауыл бойынша жаңа бағдарламаны әзiрлеумiз керек» деп айтып жүрмiн. Дегенмен, мен бұл мәселенi Үкiметке әлi талқылауға шығарған жоқпын. Жеке өзiмнiң екi механизмiм бар. Оларды осы айда аяқтаймыз. Одан кейiн барып, келiсуге жiберемiз. Себебi, бiз қазiр пайдаланып жүрген «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары ауылға жарамайды», - дедi Қайырбек Өскенбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер