BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда алда келеді

Фото: Liter.kz

Бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер қатарында Астана үлесі 23% құрайды, бұл аймақтар арасында алғашқы қатардан көрінуге мүмкіндік беруде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Астана әкімдігіне биыл бюджеттен 18,7 млрд теңге меминвестиция бөлінген. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыруға – 12,9 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 5,8 млрд теңге бөлінген.

2018 жылдың құрылыс секторына қаңтар-мамыр айларында 1072,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жылдық жоспар 2 362 мың ш. м. Бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер қатарында Астана үлесі 23% құрайды, бұл аймақтар арасында алғашқы қатардан көрінуге мүмкіндік беруде.

Қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 148, 9 млрд теңгені, НКИ – 77,2%, жылдық жоспар – 661,5 млрд теңге құрады. Оның үлесіне республика бойынша құрылыс жұмыстарының шамамен 17,3% көлемі кіреді.

Астана үлесіне тұрғын үй құрылыс саласына тартылған шамамен 26,4% инвестицияны құрайды. Қаңтар-мамыр аралығында 103,4 млрд теңгені құрайтын инвестиция тартылған, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92,8% құрауда.

Тұтастай алғанда, Астанада жалпы салынған пәтердің 42,2%-ы тұрғын үй қорына енгізіліп, пайдалануға берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер