BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда инженерлік желілерді қайта жөндеу жұмыстары тамызда аяқталады

Алматы шаһарының әкімі Бауыржан Байбек жұмыс барысында қаланың инженерлік коммуникацияларының жаңарту қарқынын тексерді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде мегаполисте 12 шақырым жылу желілерінің жөндеу жұмыстары, қолданыстағы газ құбырларының кеңейтілуі және, 120 мыңнан астам тұрғынға арналған, жаңа су құбырларының өткізілуі аяқталуда.

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мақсут Исаховтың айтуынша, жүргін бөліктегі инженерлік желілердің қайта өнделуі айдын аяғында аяқталады, сонымен автокөліктердің барлық учаскелерде кедергісіз жүруі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, қайта өндеу кезінде қала тұрғындарын үздіксіз ыстық сумен камтамасыз еткен, уақытша кестелерді бұзу және аумақты көріктендіру бойынша жұмыс жалғасады.

Биылғы жылы Төле би (Варламов - Өтеген батыр - Отарская және Розыбакиев – Тлендиев көш.), Бөгенбай батыр (Мұқанов – Айтиев көш.), Жамбыл (Пушкин - Назарбаев), Қазыбек би (Уалиханов – Абдуллин көш.), Қарасай батыр (Наурызбай батыр – Чайковский көш.), Чайковский (Қарасай батыр - Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы - Орталық стадион) көшелерінде инженерлік желілер жаңартылды.

Соңғы жылдары Алматы қаласында 800 шақты шақырым инженерлік желілер салынып, қайта өнделді. Оның ішінде 313 шақырым су құбыры, 266 шақырым кәріз жүйесі, 15 шақырым электр құбырлары және 32,3 шақырым жылу құбырлары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер