BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Пусан халықаралық кинофестивалінде Азат Сейтметов үздік актер атанды

Фото: М.Әуезов театрының баспасөз қызметі

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивалде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының актері Азат Сейтметов кинорежиссер Асқар Ұзабаеватың «Әке» телехикаясындағы әке ролі үшін қазылар алқасының шешімімен жылдың үздік актері номинациясында жеңімпазы атанды.

Халықаралық кинофестивалде Азат Сейтметовтың үздік актер атануы қазақ киноматеграфиясының жеңісі. «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген режиссер Асқар Ұзабаевтың «Әке» телехикаясы – әлеуметтік драмасы өмірдің, тұрмыстың ауыр кезеңдерін бастан кешіретін отбасы туралы баяндайды.

Азат Райымбекұлын халықаралық кинофестивалдегі жеңісімен театр ұжымы шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер