BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШҚО-да электр энергиясы арзандайды

Фото: Baribar.kz

Астана, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасы арзандайды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Тарифтің төмендегені туралы «Шығысэнерготрейд» ЖШС мәлімдеді.

«Тұрмыстық тұтынушылар (электр энергиясын тек жеке тұрмыстық қажеттіліктер үшін ғана пайдаланатын жеке тұлғалар) үшін тариф 9,719 теңге/квтс құрайды, қолданыстағы тариф 6,5% – ға төмендетіледі», - делінген хабарламада.

Өзге тұтынушылар (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерден тыс пайдаланатын тұтынушылар, яғни мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар) үшін тариф 12,936 теңге/квтс-ты бұрынғы деңгейде құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер