BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Маңғыстауда негізгі капиталдағы инвестициялар 25% өсті

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысында Елбасы Жолдауын жүзеге асыру барысы мен ағымдағы жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары турасында баяндаған өңір әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

«Маңғыстау облысы тұрғындарының саны соңғы жылда жоғары қарқынмен өсіп жатқаны белгілі. Тәуелсіздік алған жылдардағы 300 мыңнан қазір 673 мың адамға өсті. Біздің зөңірде бір жылдың өзінде 20 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Осының өзін ерекше көрсеткіш деп айтуға негіз бар. Себебі, елдің өсіп-өніп жатқанын осы бала туу көрсеткіші арқылы айтуға болады», - деді Тоғжанов.

Облыс әкімі әлеуметтік мәселелі оң шешілген елдерде ғана мұндай оң өзгеріс болатынын атап өтті.

«Ішкі өңірлік өнім өткен жылмен салыстырғанда 98,6 проценттен 100,1 процентке жетіп отыр. Мұнай саласына келер болсақ, өздеріңіз білесіздер, жыл сайын мұнай қоры азаяды. Егер, 1971 жылы Өзенмұнайгаздың өзінде 16 м лн тонна мұнай шығарылатын болса, қазір бұл көрсеткіш 5 млн тоннаның айналасында тұр. Қазір, сол Жаңаөзен қаласының халқы 150 мыңға жетіп отыр. Сол себепті, қазір өңдеу өнеркәсібі өңірдегі негізгі бағыттың бірі ретінде қарастырылып отыр», - деді Ералы Тоғжанов.

Ол Мемлекет басшысы жеке инвестициялар тарту бойынша берген тапсырмасы Маңғыстау облысында да жүзеге асырылып жатқанын баяндады.

«Биыл негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 81,7 проценттен 107,2 процентке өсіп отыр. Жалпы, облыстық инвестциялық портфель құнына тоқталатын болсақ, оған жалпы құны 1,8 трлн теңгені құрайдтын 65 жоба енгізіліп отыр. Егер, 2018 жылы бізде 33 жоба 26 млрд теңгені құраса, 2019 жылы 19 жобаның өзі 112 млрд теңгені құрайтын болады», - деді Тоғжанов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер