BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Маңғыстауда мал саны 13% өсті – облыс әкімі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысында Елбасы Жолдауын жүзеге асыру барысы мен ағымдағы жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары турасында баяндаған өңір әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

«Агроөнеркәсіп саласы Маңғыстау облысында қалыс қалған саланың бірі екені баршаңызға мәлім. Осы саланы дамыту мақсатында біз орталық органдармен келісу арқылы 5 жылдық тұжырымдама қабылдадық. Есепті кезеңде ауыл шаруашылық өнімі өндіріліп, бүгінде 103,5 процентті құрап отыр. Жыл басымен салыстырғанда мал басы 13 процентке, жылыжайлар саны 1,5 есеге өсіп, 40 бірлікті құрады», - деді Тоғжанов.

Оның берген ақпаратына сәйкес, нәтижесінде, мал өнімімен қамтуды 22 проценттен 30 процентке, егін өнімін 13 проценттен 20 процентке жеркізу мүмкіндігі туып отыр.

«Өңірдегі 3-6 жс аралығындағы балаларды балабақшамен қамту мәселесінде 84 проценттен 97 процентке дейін жеткіздік. Келесі жылы меже 100 проценттік қамту. Мектеп жасындағы балалар санының көптігіне байланысты өңірдегі үш ауысымды мектеп проблемасын шешу үшін білім ордаларын көптеп салу қажет болып отыр», - деді Маңғыстау әкімі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер