BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Құтырған ит-мысықтан зардап шеккен ақтөбеліктер ем қабылдады

Фото: Vesti.Ru

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде 2 мыңнан астам адам ит пен мысықтан зардап шегіп, 7 жағдайда құтырма анықталды. Бірнеше аудан тұрғыны арнайы ем қабылдады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

«Биыл ит пен мысық арасындағы құтырма тіркеліп, 7 қолайсыз пунт анықталды. Олар Ырғыз, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Ойыл аудандары. Сондықтан ветеринарлар санитарлық іс-шара жүргізді. Барлығы 22 адам антирабиялық екпемен қамтылды. Әрі 400-ден астам ірі қара, 800-ден астам ұсақ мал, 22 жылқы, 8 ит, 2 мысық, 5 түйе құтырмаға қарсы егіліп, залалсыздандыру жұмысы жүргізілді», - деді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Санитар мамандар жануар тістеп, тырнаған кезде бірден дәрігерге қаралап, ем алуға кеңес береді. Себебі, құтырма ауруын жұқтырған адам емделмейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер