BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қостанайда құтқарылған бірқазан Алматы зообағына жөнелтілді 

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық журналист Сергей Пономарев өзінің Инстаграм парақшасында бірқазан Қостанай - Алматы пойызынан Алматы зообағына қабылданғанын хабарлады.

"Қостанайлық Лена Зеленова птеродактильге ұқсайтын қорғансыз алып құсты аштықтан құтқарып қалса, Алматы зообағының директоры Айгүл Төлеева оларды Алматыға жеткізуді жүзеге асырып, құсты қабыл алды", - деп жазды Пономарев.

Пономаревтің айтуынша, Халиф есімді бірқазанға жаңа орын ұнаған секілді. Әзірше ол карантинде, бассейнде алыс шықпайды. Алайда, ол жақында басқа бірқазандарға қосылады.

Өз кезегінде, Алматы зообағының директоры бірқазанды алып келген қостанайлық азаматшаға алғыс айтып, бірқазан суды көргенде балаша қуанғанын атап өтті.

"Бұйра бірқазан Қызыл Кітапқа және Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген. Қостанайлықтар, сіздердің жүрек жылуларыңыз - бұл құс түрін сақтап қалуға жасалған тағы бір қадам", - деп жазлы Инстаграмм парақшасында Айгүл Төлеева.

Сонымен қатар, зообақ директоры отыз күн бойы бірқазан карантин шараларынан өтетінін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер