BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көкшетауда қонақ үй сервисін жақсарту қолға алынуда

Фото: votpusk.ru

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы Сервис және туризм академиясы өңірде қонақ үй сервисін дамытуды қолға алып отыр.

Аталған жоба қыркүйек айында Plaza hotel қонақ үй базасында Кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігінің қолдауымен құрылып, екі жақты меморандумға қол қойылған болатын.

Академия соңғы бір ай бойы өтінімдер қабылдады. Бұдан бөлек Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен басқа да оқу орындары студенттері үшін тегін тренингтер мен шеберлік сыныптары өткізілді. Бүгінгі күні даяшылар, бармендерді даярлау үшін Көкшетаудағы кәсіпорындардан өтінімдер түскен.

«Облысымызда қонақ үйлердің қызмет сапасын, ыңғайлылығы мен жайлылығын көтеру бағытына баса көңіл бөлініп отыр. Тренерлер – осы салада он жылдан артық уақыт жұмыс жасаған, мейрамхана-қонақ үй ісінің нағыз майталмандары. Айталық, біздің тобымызда Киевтен бір өкіліміз бар. Ол жоба құрылтайшыларының бірі және тренер», – дейді Сервис және туризм академиясының директоры Регина Закирова.

Сервистен бөлек персоналдарға тіл үйрету де жоспарда бар.

«Бұл сервистің жоғары деңгейінің көрсеткіші болмақ. Бүгінде Қазақстанға шетелдіктер көп келеді. Олар алдымен мейрамханалар мен қонақ үйлердің сапасына мән береді», – дейді Р.Закирова.

Академия тыңдаушыларының тәжірибе алмасуы да басты назарда. Қазіргі уақытта түрік компанияларымен келісімшарт жасалған. Германиямен де келіссөздер жүргізілуде.

«Жоба мейрмахана мен қонақ үйлерден бөлек туризмді дамытуға бағытталған. Кәсіпкерлер ғана емес, өзін өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар да оқытылатын боады. Әрі қарай олар өңірдегі мейрамханалар мен қонақ үйлерге жұмысқа орналаса алады», – дейді академия директоры.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
01 Желтоқсан 2018, 10:39
Көкшетауда көмір арзандады
Пікірлер