BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда өртенген мектепте оқу процесі қалпына келтірілді

Қарағандының Октябрь ауданында орналасқан №36 мектепте оқу барысы қайта қалыпқа келтірілді. 12 қыркүйек күні тілсіз жаудан зардап шеккен білім ордасында 17 қыркүйектен бастап қайтадан сабақтар өткізіле бастаған, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қарағанды облыстық білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиевтің мәліметінше отқа оранған мектеп ғимаратының шатыры жөнделген.

«Өртті сөндіру барысында зардап шеккен кабинеттер құрғатылып, қалыпқа келтірілді. Дүйсенбі, 17 қыркүйектен бастап мектепте қайтадан сабақтар басталды. Қазір материалдық шығынның сомасын санап жатырмыз. Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрттің пайда болуының алдын ала болжамын айтты. Олардың болжамынша, мектептің шатырындағы жарық шамдарға ток беретін сымдарда тұйықталу болған. Қазір біз басқа да мектептерде осы секілді жайттарды анықтау және оларды уақытында шешу мақсатында тексерістер жүргізіп жатырмыз, - деді Есенғазы Иманғалиев.


Еске салайық, 12 қыркүйек күні түнде Қарағандының №36 мектебінде өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеттің ақпаратынша, 20.56-да шатырдың ағаш құрылысында от тұтанған.

Сонымен қатар, мектептің өртенуіне байланысты жедел штаб құрылды. Қалалық Білім бөлімімен шұғыл түрде шаралар қолданылып, №36 мектептің оқушыларын 13 қыркүйектен бастап көршілес орналасқан №17 мектепте оқыту туралы шешім шығарылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер