BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Байбек нағыз алматылықтардың қандай болатынын айтты

Фото: Ақ Жайық

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жол жөндейтін жұмысшыларды тегін тамақтандырған еріктілерді нағыз алматылықтардың үлгісі деп атады. Бұл туралы әкім қала тұрғындары алдындағы есептік кездесуде айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өткен жылы қатты қар жауған кезде барлық техника мен адамдар 24 сағат бойы қар тазалауға жұмылдырылған болатын. Сол кезде кейбір белсенділер коммуналдық жұмысшылар үшін ыстық тамақ, шай жеткізіп тұрды. Бұл өз қаласының қайырымды тұрғындарының нағыз үлгісі», - деді қала әкімі.

Байбектің айтуынша, биыл қар тазалау бойынша жүйелі шаралар қабылданды.

«Қысқы уақытта жол жұмысшыларының саны 1500 адамға көбейді. Жаяу жүретін көшелерге арналған арнайы техникалар сатып алынды. Әр ауданда өндірістік базалар құрылды. Сәйкесінше бұл қысқы мезгілде жұмысшылар үшін жайлы жағдай жасады», - деді Байбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер