BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Байбек Алматының өзіне дейінгі әкімдерін мақтады

Фото: Informburo.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзіне дейінгі қала басшыларының атқарған жұмыстарын мақтады. Әсіресе, олар қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға зор еңбек еткен. Бұл туралы ол «Тұрақты транспорт. Тәжірибе алмасу. Алға жылжу» конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы әкімі мегаполистегі көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 30-ға жуық жол айрығы салынғандығын айтты. Бұл салада өзіне дейінгі әкімдердің еңбегін де атап өтті.

«Бұрынғы әкімдер бұл мәселені реттеу үшін көп жұмыс тындырды. Алдымен көп жол айрығын салды, ол қаладағы қозғалысты жеңілдетті. Кіші көлік сақинасын, он жыл ішінде, 30 жол айрығын құрайды. Меніңше, үш миллиард доллардан астам қаржы жұмсалды», - деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, Алматыда келесі жылы ЖЭЦ-1 қазандықтары түгелдей газбен жұмыс істейді. Мұндай ауысуды «Самұрық-Энерго» қаржыландырады.

Алматы әкімінің айтуынша «Алматының тұрақты транспорты» жобасының басты басымдығы экологияға беріледі. Бұл мәселені шешудің ең маңызды шарасы ретінде ЖЭЦ-ті газға ауыстыру деп есептейді.

«Әрине, бұл – ЖЭЦ. ЖЭЦ-1-де бұрын қазандықтар көмірмен жұмыс істеді. Бірақ олар газға ауысқан. Енді қазандықтар түгелдей газбен жұмыс істейтін болады. Келесі жылы алғашқы жеті миллиард долларды «Самұрық-Энерго» береді. Екінші жоба - ЖЭЦ-2. Қазір ол әзірленіп жатыр. Егер қаланың ауасына зиян келтіретін шығарындылардың 11 пайызы ЖЭЦ-тен шықса, онда оны 9 пайызға қысқартатынымызға сенімдінім», - деді Байбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер