BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ІІД Шымкентте деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған топтың ұсталғанын растады

Шымкенттегі арнайы операцияда деструктив діни ағымдардың ұстанушыларынан құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

«2017 жылдың 19 қыркүйегінде Шымкент қаласының «Гарант» дүкендері аумағында ОҚО ІІД және ОҚО ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы іс-шара өткізді. Тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатып отырған.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында Шымкентте арнайы операция жүріп жатқаны хабарланған болатын. Полицейлер мен арнайы жасақ Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесінің қиылысындағы жолдар мен жаяу жүргінші жолын қоршауға алған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер