BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы облысында мүгедек азаматты өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері 30 жастағы мүмкіндігі шектеулі ер адамды өлтірді деген күдікпен 34 жастағы әйел адамды ұстады.

Оқиға Қаратал ауданында орын алған. 24 желтоқсанда жергілікті полицейлерге Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнында тәртіп сақшылары қайтыс болған азаматтың бір аяғы жоқ 1-топтағы мүгедек екенін және анасымен бірге тұрғанын анықтады. Дене жарақатын салған қылмыс құралы болуы мүмкін асүй пышағы оқиға орнынан табылып, тәркіленді.

«Қаратал ауданының полициясы адам өліміне қатысы бар деген күдікпен зардап шегушімен көрші тұратын 34 жастағы әйел адамды ұстады. Алдын ала тергеу барысында ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, қылмыс жасалған. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті аудандық уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полиция таратқан ақпарат бойынша қамаққа алынға азаматша бұған дейін тонау ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер