BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмолада 10 айда 82 мың жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында соңғы он ай ішінде 82 мың жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов халықпен есептік кездесуі барысында мәлімдеді.

Жыл басынан бері қылмыс – 5,3%, зорлық-зомбылық – 36,9%, тонау –11,5%, бұзақылық – 6,9%, көлік айдап кету –2,8%, мал ұрлығы – 7,7% азайған. Жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстар 13,4 пайызға төмендеген.

«Мұның бәрі полиция қызметкерлерінің қырағылықты күшейткенінің арқасында жүзеге асып отыр. Соңғы он айда ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша елімізде алдыңғы орында тұрмыз. Департаментте «Тиімді полиция: уақытты ұтымды пайдалану» атты пилоттық жоба қолға алынды. Бұл қажетсіз құжат айналымын азайтуға және тәртіп сақшыларының жұмыс уақытын дұрыс қолдануына ықпал етпек», –деді өз есебінде Ержан Сәденов.

Бүгінде аулалар мен қоғамдық орындарда 322 бейнебақылау камералары орнатылған. Департамент басшысы жергілікті мәслихат депутаттарына өңірдің елді мекендеріне осындай құрылғылар орнатуға қолқабыс етуін сұрады.

«Бұл ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Жол-көлік оқиғалары азаймай тұр. Көңілге бір демеу боларлығы, одан зардап шеккендер мен көз жұмғандар санының азаюы. Апта сайын тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол», «Мас жүргізуші», «Автобус», «Қауіпсіздік аптасы», «Жылдамдық», «Қарама-қарсы жолақ», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Жолдағы қабылдау» сияқты жедел алдын алу шараларын жүргізеді. Соңғы он айда 82 мың жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді. Сот арқылы 2012 жүргізуші көлік айдау құқығынан айрылып, мас күйдегі 200-і әкімшілік қамауға алынды. Көкшетау қаласында 6 жол қиылысында фото-бейне тіркеу жүргізіледі. Департамент өкілдері коммуналдық сала мамандарымен бірлесіп 1863 рет автожолдардың сапасын тексерді. Соған орай 1863 хаттама толтырылып, тиісті қызмет бөліміне жіберілді», - деді Е.Сәденов.

Облыс орталығында қазір 6 стационарлық полиция бекеттері жұмыс істейді. Келер жылы Зеренді ауданында 5 учаскелік полиция пункті салынады.

«Аудан орталықтары мен ірі елді мекендердің бәрінде қызметкерлерге арналған бекеттер ашу қиындық туғызады. Өйткені тәртіп сақшыларына тұратын жер жоқ. Алдымен пәтер мәселесін шешіп барып қана, қалған мәселені реттеуге болады», – деп түсіндірді Ержан Сапарбекұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер