BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жамбылдағы білім мекемелерінің 94,5% бейнебақылау камерасымен жабдықталған 

Тараз, BAQ.KZ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық ІІД ЖПҚ Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі Қуанышбек Қалжанов мәлімдеді.

«2018 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны – 104, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс саны –121 болса, 54 бала жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында құқықбұзушылық жасағандар жоқ. 2018 жылдың 10 айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139 тен 116 фактіге яғни 16,5% төмендеді», - деді полиция полковнигі.

Бөлімше басшысы берген ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күні облыс бойынша жалпы 162 мектеп инспекторы жұмыс істейді.

«Облыстағы 933 білім мекемелерінің 882, яғни 94,5% бейнебақылау камераларымен қамтылған. Оның ішінде 425 мектеп, 345 балабақша, 53 мектептен тыс мекеме, 47 колледж, 7 облыс интернаты және 5 қала сыртындағы лагерь бар», - деді Қалжанов.

ІІД өкілі балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқығын қорғау мақсатында өңірде түрлі іс-шаралар өтетінін мәлімдеді. Сонң қатарында, «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы, ата-аналар арасындағы «Өз балаңды сақта!» ұраны бар жиналыстар, «Қауіпсіз интернет», «Компьютер және балалардың денсаулығы», «Баланың интернет желісіндегі қауіпсіздігі» тақырыптарына сынып сағаттары, дәрістер, дөңгелек үстелдер бар.

Бұған дейін өңірде қанша мүмкіндігі шектеулі баланың біліммен қанымдалғаны туралы жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер