BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық бюро жыл басынан бері 1178 сыбайлас жемқорлық фактісін анықтаған

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 11 айлық жұмыс нәтижесін қорытындылады.

«2018 жылдың 11 айында Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен 2432 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның 1178 немесе 73% – сыбайлас жемқорлық. Олардың жартысынан көбі (56%) – парақорлық, 45% – жымқыру фактілері. Жалпы сыбайлас жемқорлық үшін 1096 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылуда. Оның ішінде 20 республикалық деңгейдегі басшылар, 83 облыстық және 134 қалалық және аудандық деңгейегі басшылар», - деді Бастарова.

Агенттіктің ресми өкілі Қазақстанда екі жыл қатарынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің төмендеу үрдісі байқалғанын атап өтті.

«Бұл – кешенді және жүйелі алдын алу шараларының, сондай-ақ азаматтық қоғам мен бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартылуының елеулі өсуінің нәтижесі. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 16,7% төмендеді, 2018 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7% төмендеді», - деп атап өтті Жанна Бастарова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер