BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық бюро сыбайлас жемқорлық қылмысы азайған органдарды атады

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7% төмендеген. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді. 11 айлық жұмыс нәтижесін қорытындылады.

«Бірқатар өңірлерде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының айтарлықтай төмендеуі байқалды. Басқа облыстармен салыстырғанда сыбайлас жемқорлықтың жоғары емес деңгейі – СҚО, Павлодар және Ақтөбе облыстарында. Сонымен бірге Жамбыл облысында 45%-ке, Қарағанды облысы 30%-ке едәуір төмендеуі байқалады», - деп атап өтті Бастарова.

Агенттіктің ресми өкілі сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеуі бойынша оң үрдіс бірқатар орталық мемлекеттік органдарда байқалатынын айтты.

«Мұндай жағдайды жақсарту бойынша 84-тен 32-ге Инвестициялар және даму министрлігі, 16-дан 16-ға ҰЭМ көшбасшылар болып табылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай төмендеуі білім және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында байқалады. Білім саласында мұндай құқық бұзушылықтар 23%-ке, 213-тен 163-ке, әлеуметтік қамтамасыз ету саласында 56%-ке, 99-дан 43-ке төмендеген. Осы салалардың барлығында агенттік қоғамдық ұйымдар, сарапшылар қоғамдастығы және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді алдын алу шараларын жүргізгендігін тағы да атап өткім келеді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Жанна Бастарова Ұлттық бюро жыл басынан бері қанша сыбайлас жемқорлық фактісін анықтағаны туралы айтқан болатын.

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер