Астанада жұмыс күнін қысқарту ұсынылды - Қоғам|25 Желтоқсан 2018, 13:13
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада жұмыс күнін қысқарту ұсынылды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті жұмыс күнін қысқартуды ұсынды.

«Ауа райының бұзылуы және ауа температурасының күрт төмендеуіне, жазатайым оқиғаларды болдырмауға байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорын (базарлар, СОО), құрылыс объектілеріне жұмыс күнін қысқартуды ұсынады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, бұл ақпарат қаланың тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем көрсету қызметі, коммуналдық қызметтеріне қатысты емес.

«Қазгидромет» РММ мәліметі бойынша 25 желтоқсанда ауа температурасы -30 С, алайда -38 С болып сезіледі, жел екпіні 2 м/с.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер