BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодардағы татуласу орталығы еңбек дауларының азаюына ықпал етуде

Павлодар, BAQ.KZ. «Сотсыз татуласу орталығы - Центр внесудебного примирения» жобасын іске асыру шеңберінде Кәсіподақ орталығының базасында жұмыс істейтін татуласу орталығы халық арасында дауларды соттан тыс шешу институттарының жұмысын жандандыруға қызмет етіп, қоғамдағы жанжалды жағдайларды азайтуға көмектесуде.

Мұнда еңбек жанжалына қатысушылар сот жүйесінің ардагерлерінен, кәсіби медиаторлардан және Кәсіподақ орталығының мамандарынан дауларды соттан тыс шешудің мүмкіндіктері туралы тегін консультация алады.

Осы татуласу орталығы «Медиация еңбек саласында» тақырыбы бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстың қорытындыларын шығарды.

Жиынға судьялар, «Атамекен» филиалы директорының орынбасары Марат Сыздықов, «Қоғамдық келісім» медиация орталығының, Халықаралық құқық қорғау орталығының, сондай-ақ «Мир» мен «Согласие» орталығының басшылары Ольга Николашина, Ольга Эрлих, Салтанат Кайдарова мен Ирина Седлецкая қатысты. Сонымен қатар осы іс-шараны өткізу кезінде Еңбек басқармасының маманы Айгүл Искакова, «Комитет по мониторингу уголовной реформы и правам человека» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Ковлягина мен медиаторлар болды.

Облыс Кәсіподақ орталығының төрағасы Динара Айтжанова Соттан тыс татуласу орталығы жұмысының тиімділігі туралы айта келе, тек 10 айдың ішінде ғана осы Орталыққа 75 адамның келгенін атап өтті.

Татуласу орталығы ашылғаннан кейін еңбек дауларының азайғанын атап көрсете келе облыстық соттың судьясы Гүлнұр Тергемесова өздеріне жалақының төленбеуі және жұмысқа қайта алу туралы қызметкерлердің талабы әлдеқайда көп қойылған кәсіпорындардың қатарында «Промуголь 2010» мен «Энергоинвест-ПВ» ЖШС-ларын атады. Ол өз сөзінде сотта еңбек дауларын қарау кезіндегі сот медиациясы тақырыбына баса назар аударды.

Медиация орталықтарының жетекшілері татуласу рәсімдерін қолданудың өзекті мәселелері туралы айтып берді.

Пікір алысуға қатысқандар қорыта келгенде Татуласу орталығының жұмысына оң баға берумен қатар, еңбек саласында медиацияны кеңінен қолдану керектігі жөнінде бірқатар ойларымен бөлісті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер